Шымкент қаласының тұрғындары Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бастамасына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мұны тұрғындардың «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысуынан да байқауға болады.
Мәселен, бүгін Қаратау ауданындағы Қайтпас шағын ауданында өткен «Таза көше» атты іс-шараға жергілікті тұрғындар, белсенді, ерікті жастар, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері және еңбек ардагерлері де белсенді түрде қатысты.
Іс-шараға 120-дан астам аудан тұрғындары, 8 техника жұмылдырылып, 18 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық шарасына қатысушылар Алматы тас жолы мен Қ.Төлеметов көшесінің бойында күл-қоқыстарды тазалап, жол жиектеріндегі қатты қалдықтар мен пласмас қалдықтарды (пакет, баклажка, қағаз және т.б) ретке келтіріп шықты.
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындарды, әсіресе, жастарды айналамыздың таза болуын сақтауға өз үлесін қосуға шақырады. Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан Шымкент қаласының жастарын осы игілікті шараға үлес қосуға шақырамын», — дейді «Жасыл ел» штабының Қаратау ауданы бойынша үйлестірушісі Нұрлыислам Қуаныш.
Айта кетейік, тазалық шаралары Шымкент қаласының барлық аудандарында жаппай өткізілуде және қоқыстар жиналып, тазалықты сақтау, жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарау ықпал етіп келеді.
«Таза Қазақстан» республикалық апталық акциясы аясында Еңбекші ауданына қарасты Қаратөбе тұрғын алабы, Жұлдыз аумағы, Қапал батыр көшесі бойында тазалық жұмыстары жалғасын тапты. Экоакцияға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, мәслихат депутаттары, фракция […]
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қаладағы бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында өзінің жұмыс сапарын жалғастырды. Шаһар басшысы, алдымен, Тұран ауданындағы «Металлург» саябағын тексерді. Бұл саябақ – қала тұрғындарының демалып, серуендейтін сүйікті орындарының бірі […]
Шымкент қаласында 282 745 тұрғынға әлеуметтік көмек тағайындалды. Әлемдік пандемияға байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай режимі кезеңінде халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында төлемақы бекітілген болатын. 2020 жылғы 11 мамыр, сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан […]
Пікір қалдыру