Шымкентте 282 745 адамға әлеуметтік көмек тағайындалды

Шымкент қаласында 282 745 тұрғынға әлеуметтік көмек тағайындалды. Әлемдік пандемияға байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай режимі кезеңінде халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында төлемақы бекітілген болатын. 2020 жылғы 11 мамыр, сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 535 530 адамнан өтініш түскен.

Оның ішінде 282 745 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 248 835 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, түсіндіріліп, кері қайтарылған.

Жалпы әлеуметтік төлем алатын 282 745 азаматтың ішінде 269 966 өтініштер бойынша берілген болса, ал, 12 779-іне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 280 633 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған.

Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер негізінен бірнеше рет қайталанған немесе жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, сондай ақ тіпті қайтыс болған азаматтар атынан да түскен.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*