Облыс орталығында жасөспірімдер арасында түрлі дәрежедегі спорттық сайыстар жүйелі ұйымдастырылуда.
Жарыс қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының ұйымдастыруымен жасалды.
Кезекті қала біріншілігі жасөспірімдер арасында гандболдан өтті.
Екі күнге созылған жарыста 11-13 жас аралығындағы спортшылар қатысты.
Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданынан жиналған 120-дан аса спортшы қызықты ойын көрсетіп, кіл мықтыны анықтады.
Тартысты бәсекенің нәтижесі бойынша жерлестеріміз Ө. Жәнібеков атындағы мектеп оқушылары жиналған Түркістан командасы оқ бойы озып шығып, басжүлдені қанжығасына байлады.
Жүлделі екінші орынды кентаулық Махмуд Қашқари мектебінің командасы иеленсе, үшінші орынға Ахмет Байтұрсынов мектебінің (Түркістан қаласы) командасы жайғасты.
Қазір саламатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту айрықша маңызды. Әсіресе, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажет. Мұның бәрі халықтың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді, – деп айтты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан Президентіміз айтқандай бұл тұрғыдағы атқарылар жұмыстарды жандандыру аса маңызды. Әрі кезек күттірмейтін мәселе. Болашағымыз деп үміт артқан жастарымыздың дені ғаламтордың шырмауынан шыға алмай жатқаны да көңіл құлазытпай қоймайды. Қазіргі қоғам – жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың бұл ағымы – қоғам дамуының жаңа дәрежесіне жеткізді. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, білім алу мүмкіндігі және тағы басқа іс-әрекеттер шынайы әлемге қарағанда виртуалды әлемде жүзеге асатын болды. Интернет жастардың ең сенімді құралдардың біріне айналды.
Түркістанда жазғы ашық алаң ойындары жалғасуда. Тамыз айының кезекті жарыс күні Отырар мөлтек ауданындағы ашық алаңдарда өтті. 300-ге тарта сектор тұрғыны қатысқан жарыста секіргішпен секіру, ләңгі тебу және белтемірге тартылу мен асық атудан үздіктер анықталды. […]
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келген Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесті. Жұмысшы топ облыс орталығында бой көтерген «Ұлы дала елі» мәдени кешенінің құрылыс барысымен танысты. Түркістан шаһарын түлету мақсатында еліміздің әрбір […]
Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында нашақорлық, зиянды заттардың азаматтардың, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырған болатын. Азаматтарымыздың, жастарымыздың дені сау, жаман әдеттерден аулақ болуына, қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салуға үлкен мән […]
Пікір қалдыру