Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында нашақорлық, зиянды заттардың азаматтардың, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырған болатын. Азаматтарымыздың, жастарымыздың дені сау, жаман әдеттерден аулақ болуына, қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салуға үлкен мән беріліп отыр.
Осы орайда, Түркістан қаласы тұрғындарының бұқаралық спортпен шұғылдануын қолдау мақсатында қала аумағында біқатар шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Соның ішінде Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар жандар арасында спорт түрлерінен ашық біріншілік өтті. Спорт шарасына 80-ге жуық азамат қатысып, дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат пен қол күресінен сайысқа түсті.
Шараның мақсаты – ерекше қажеттілігі бар азаматтарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық белсенді өмір сүруге тарту.
Жиында сөз алған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев спорт сайысына қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
– Баршаңызды еліміздің Ата заңы – Конституция күнімен құттықтаймын! Айтулы мереке қарсаңында ұйымдастырылған бұл сайыс – әр спортшының өз шеберлігін көрсетуге мүмкіндік береді. Сіздердің жарысқа қатысуға үлкен белсенділік танытып отырғандарыңызға өте қуаныштымын. Баршаңызға сәттілік тілеймін, – деді Қадырболат Қабдырұлы.
Жарыс қорытындысында командалық есепте Орталық командасы 1-орынды иеленсе, 2-орынды Түркістан командасы, 3-орынды Батыс командасы еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер түрлі марапаттарға ие болды.
Әр адамың басына түскен сынақ әрқилы. Бірі жазатайым оқиғадан жапа шексе, енді бірі туа бітті кемістікке тап болып, қазіргі қоғам тілімен айтқанда «мүмкіндігі шектеулі» деген топқа жіктеліп жатады. Басқа түссе пенде тағдырдың кез келген сынағына […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан облысында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша мәселелерді талқылау үшін Вэйнань қаласы халық үкіметінің қала әкімі Чен Сяоюн, Шэнси провинциясының халықаралық достық қоғамы төрағасының орынбасары Цао Хуэймен кездесті. Кездесу қорытындысымен […]
Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында облыстық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Жеті рухани қазық» облыстық форумы өтті. ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын насихаттау, имамдардың біліктілігін арттыру, дінаралық татулық пен толеранттылықты қолдау және дін […]
Пікір қалдыру