Облыс орталығында «Отбасылық демалыс- бақытты болашаққа инвестиция» отбасылық сайысы өтті. Жарыс Отбасы күніне орай ұйымдастырылды.
№1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен ойында түркістандық 4 отбасы жарысты.
Олар өздерінің отбасын ерекше таныстыру өткізу рәсімі мен түрлі спорттық сайыстар арқылы сыналды.
Жарыстың ашылуында қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, Дене шынықтыру және Спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев сөз алып, шараның мақсатына тоқталды.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі.
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – әке-шешенің ең маңызды міндеті. Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бүгінде құлдырауға ұшырауына байланысты қоғамда бірқатар керітартпа әрекеттің пайда бола бастағанын байқауға болады.
Отбасылық сайыстың нәтижесі бойынша
1-орын: Жұмахановтар отбасы
2-орын: Құдайбергеновтар отбасы
3-орын: Туптыбаевтар мен Мадалиевтар отбасы иемденді
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Түркістан қаласының мәдениет күндеріне орай, Түркістан «Халық театры» «САФ АЛТЫН АРЫСТАР» көрінісін сахналады. Сондай-ақ, мәдени шарада қала тұрғындары мен қонақтары арқан тарту, қазақша күрес, асық ату, ләңгі тебу, қошқар […]
«Ұлы дала елі» орталығында Түркістан қалалық мәдениет үйінің бірлесе ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың 120 жылдығына орай танымдық-мәдени шарасы өтті. «Халқының адал перзенті» атты жиынға туған ауылынан көзін көрген замандастары, зиялы қауым […]
Түркістан – тек тарихи қаласы ғана емес, сонымен бірге өнердің де алтын ордасы. Ұлттық рухты жаңғыртып, өткеннің үнін бүгінге жеткізетін мәдени орталық ретінде қалада дәстүрлі музыкаға, оның ішінде күй өнеріне деген қызығушылық күн санап артып […]
Пікір қалдыру