«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген нақылды шымкенттіктер берік ұстанған. Көктем шығып, күн қыза бастағаннан жер-жерде тал егіп, көшеттер отырғызылуда. Осындай игі іс бүгін қаламыздағы 46 мектеп-лицейі маңында өтті.
NEW WEVE экологияны қорғаушы еріктілер ұйымы ұйымдастырған марафон «Сәлем» әлеуметтік қалашығынан бастау алған болатын. Еріктілер қалашық маңына 20 жеміс ағаштарын отырғызды. Бүгінгі іс-шарада 20 алма, 20 шие, 10 алмұрт көшеті егілді. Еңбекке еріктілер жұмылдырылды.
— Бірігіп атқарылған жұмыс жеңіл. Келешекте жасөркендер осы еңбектің жемісін жейді. Біз қаланың барлық жастарын табиғатты қорғауға, тазалықты сақтап, сол арқылы отанымызды аялауға шақырамыз, — дейді еріктілер ұйымының мүшесі Яна Денисовна.
Айта кетейік, NEW WEVE қоршаған ортаны қорғау клубы болып 2019 жылы құрылған. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары құрған ұйымда 3000-нан аса еріктілер мүше. Еліміздің 18 өңірінде жұмыс істейтін ұйым эко сенбіліктер, экологияны сақтау мақсатында көптеген істер атқарып жүр.
Әрбір ағаш қандай да бір тіршілік иесінің пайдасына асса, бір құс ұя салып, жемістерін жесе, бір адам көлеңкесін саялап, кәдесіне жаратса, осының өзі үлкен сауапты іс. Ағаштың экологиялық мәселені, ғаламдық жылынуды реттеуде және топырақты бекітуде де маңызы зор екендігі баршамызға аян.
Тұрмыста қолданылатын қызметі өз алдына бір бөлек әңгіме.
азақстан үшін тал-дарақтарымызды жайқалтудың маңызы зор. Бұл орайда «Жасыл ел» бағдарламасының жасайтын жұмыстары да ауқымды болатыны ақиқат. Ал, өсімдіктерді күтіп-бағатын баланың болашағынан да көп үміт күтуге болады. Өйткені, ел ертеңінің жарқын боларына сенетін ұрпақ қана әрдайым өнегелі істі жалғастыра алады. Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру парыз.
Мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының байлығы, бағдарлы болашағының бастауы. Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Өркениетті […]
Көктем қарсаңында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 29 ақпан күні алғашқы жалпықалалық сенбілік өтті. Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, ЖОО-ның студенттері және еріктілер қатысты. Абай […]
Қазіргі таңда еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңы және 400 ойын алаңы бар. Күні бүгінге дейін көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістеріне және басты көшелер […]
Пікір қалдыру