Қазіргі таңда еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңы және 400 ойын алаңы бар. Күні бүгінге дейін көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістеріне және басты көшелер мен ішкі орамдық көшелердің тоқсан пайызына дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізіп жатқанын айта кеткен жөн. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасып жатыр.
Осы орайда, аудан тұрғындары тарапынан дезинфекция жұмыстары бойынша қосымша сұрақтар болса, шұғыл аудан әкімі аппаратының 54-96-54 кезекші телефонына хабарласу керектігін хабарлайды. Айта кету қажет, әлеуметтік желідегі alfarabi.shymkent (Инстаграм парақшасы) және Әл-Фараби Ауданы Әкімінің Аппараты (Фейсбук парақшасы) парақшалары арқылы тұрғындар өтініштері мен пікірлерін білдіре алады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуді тапсырды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жаңа ақпараттық ағында іске асыру халықпен кедергісіз байланыс құру үшін инновациялық тәсілдің қажеттілігін […]
Қоғамның қауіпсіздігі мен ел тыныштығын қамтамасыз етуде әскери қызметкерлердің орны ерекше. Солардың қатарында өз қызметіне адал, отбасына үлгілі, нағыз патриот азамат – сержант Нұр-Ахан Асан бар. Ол – ҚР Ұлттық ұланы ІІМ 6698 әскери бөлімінің […]
2024 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту үшін қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл акцияның мақсаты — халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа деген жауапкершілікті […]
Пікір қалдыру