ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ АЛМАТЫ ТАС ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан»экологиялық акциясы туралы айтты.
Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатқан барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысып келеді. Мәселен бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Тассай шағын ауданында өткен «Таза көше» атты іс-шара аясында Алматы тас жолының бойы тазаланды. Бұл іс-шараға жергілікті тұрғындар, белсенді, ерікті жастар, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері белсенді түрде қатысты.
– «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындарды, әсіресе, жастарды айналамыздың таза болуын сақтауға өз үлесін қосуға шақырады. Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан Шымкент қаласының тұрғындарын осы игілікті шараға үлес қосуға шақырамын, – дейді Қаратау ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пердеш Есенбеков.
Айта кетейік, тазалық шаралары Шымкент қаласының барлық аудандарында жаппай өткізілуде және қоқыстар жиналып, тазалықты сақтау, жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарау ықпал етіп келеді.

Ол елімізде көктемнен бастап «Таза Қазақстан»жалпыұлттық экологиялық акциясы өтіп жатқанын еске салды.

Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «адал адам – адал еңбек – адал табыс» патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.

Бұл, президент атап өткендей, «уақытша акция емес, бұл маңызды жоба жыл бойы жалғасуы тиіс».

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*