Шымкентте әлеуметтік азық-түліктің шекті бөлшек бағасы бекітілді

Төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары бекітілді:

— I сұрыпты бидай ұны – 166 тг/кг;
— І сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 146 тг/кг (73 тг. қалыпты бөлке нан);
— рожки (өлшеніп салынатын) – 212 тг/кг;
— қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) – 318 тг/кг;
— тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) – 272 тг/кг;
— сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) – 1904 тг/кг;
— тауық жұмыртқасы (I санатты), 10 данасы – 305 тг/кг;
— күнбағыс майы – 422 тг/л;
— ас тұзы («Экстра»- дан басқа) – 51 тг/кг.

Дүкендердегі тауар ассортиментінің кемінде бір түрі белгіленген бағадан аспауы тиіс.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Кодексінің 202-бабына сәйкес ішкі сауда субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын асыра пайдаланса 100 АЕК мөлшерінде айыппұл, бір жыл ішінде кайталанса 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынын кем дегенде бір түрінің бағасы осы бағадан аспауы қажет.
Егер азық-түлік бағасына қатысты ұсыныс, шағымыңыз болса, WhatsApp арқылы 87781361847 номеріне мекен-жайын көрсетіп жолдасаңыз болады. Немесе Call centr 39-50-55 номеріне хабарласа аласыз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*