Бастапқыда Президенттің тапсырмасымен 8 сәуір мен 13 мамыр аралығында жарияланған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бүгінде жалпыхалықтық сипат алып келеді. Өйткені межелі уақыт біткенімен, көше тазалығына атсалысамын деген ұжымдар мен еріктілердің қатары көбеймесе, азаймай тұр. Тіпті, халықтық екпінмен жылдарға жалғасқандай сыңайы бар. Өйткені белгілі спортшылар, өнер жұлдыздары, танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, депутаттар, әкімдіктер мен министрліктердің қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдары және тағы да басқа ел өміріне бей-жай қарай алмайтын замандастарымыздың ынтасы жоғары. Ал солардың барлығынан да жастардың арыны басым. Бұл болашақ саналы ұрпақ қалыптасып келе жатқанын білдірсе керек. Ал ол идеяны көтеріп отырған, ең бірінші кезекте Президентіміз.
Қаламызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қарқынды жалғасуда. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге Әл-Фараби ауданындағы тазалық шараларына қатысты. Жалпықалалық акцияға атсалысқан белсенді жастар мен еріктілер, жергілікті азаматтар «Ордабасы» алаңы мен «Тәуелсіздік» саябағының аумағы, «Қошқар ата» өзенінің жағалауы, алаңдағы жол үсті көпірі, «Жер Ана» монументі маңына тазалық жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, жасыл желекті күтіп-баптау, аялдамаларды жуу,шөп ору, абаттандыру шаралары да жалғасып жатыр.
Ғабит Әбдімәжитұлы қаламызға деген жанашырлықты, ауызбіршілік пен ынтымақты көрсететін тазалық шараларының маңыздылығына тоқталып, барша тұрғындарды тазалық жұмыстарында белсенділік танытуға шақырды.
Айта кетейік, қала аумағындағы бұл бағыттағы жұмыстарға 4 жарым мыңнан астам адам қатысып, 56 арнайы техника жұмылдырылды. 10,6 шақырым аяқ жол тазаланып, 5500 дана ағаш әктеліп, қырқу жұмыстары жүргізілді. 85 текше метр қоқыс шығарылып, 4365 м ирригациялық жүйелер, 18 658 шаршы метрді құрайтын көше бойы тазаланды.
«Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет. Лас елге қонақ ретінде, инвестор ретінде ешкім келмейді. Бірақ ең алдымен, Қазақстанның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халық үшін керек. Бұл күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Сондай-ақ бұл жұмыс елорда және ірі қалаларда ғана емес, шағын қалаларда, аудандар мен ауылдарда да ұдайы ұйымдастырылады. Бүкіл Қазақстанды таза ұстау өзімізге, жастарға байланысты. Мен жастарға сенемін. Сондықтан жастарға зор үмітпен қараймын», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының бастамасын қолдаған жастар, белсенділер, барлық ел тұрғындары өзі үшін емес, туған топырағы үшін қала берді өз қаласы үшін ат салысуда. Бұл Президентіміздің діттегені еді.
Қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында 2025 жылға дейін 28 мың орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Биыл 17 300 орындық 12 ғимаратты салуға республикалық бюджеттен тиісті қаражат қаралған. Ал, 10 700 орындық […]
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ел көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Бұл акцияның басты мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын тиімді жүргізу, […]
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2019 жылдың қорытындысы бойынша шаһар тұрғындарының алдында есеп берді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Мұрат Дүйсенбекұлы атқарылған жұмыстармен қатар, 2020 жылға жоспарланған тірліктер барысын баяндады. Алдағы үш жылдың […]
Пікір қалдыру