Шымкентте үш азаматтың вирус жұқтырғаны анықталды

Шымкент қаласында ауру жұқтырғандардың  тағы үшеуі тіркелді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Аынқталған науқастардың барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. Сонымен қатар, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланып отыр.

Айта кету қажет, қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Күні бүгінге дейінгі жағдай бойынша  қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 38 адамға жетіп отыр.

Десе де, дәрігелердің еселі еңбегінің арқасында екі науқас жазылып шыққанын бұған дейін жазған едік. «Тәуелсіздікке – 20 жыл» бірінші ошағынан осы 2 отбасы мүшелерінде зертхананың сынамалар теріс болып, олар үйге шығарылды. Дәрігерлер пациенттердің жағдайы жақсы екенін айтады. Дертінен айыққандар 1970 жылғы және 1996 жылғы бір отбасының мүшелері. Нақтырақ айтқанда, анасы мен баласы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*