2020 жылдың 6 сәуірінен бастап, Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуді бастайды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігі хабарлайды.
«Тұрғындар картасымен базарлар мен сауда орындарында төлем жасай алады. Банктік картасы жоқ азаматтар банктерге қоңырау шалу арқылы немесе онлайн тапсырыс бере алады. Дайын картаны банктер үйлеріңізге жеткізіп береді. Сондықтан банкоматтағы ақшаларыңызды шешіп алудың аса қажеттілігі жоқ. Карантин кезінде қолға алынған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Біз уақытша қиындықты бірге еңсеретін боламыз!» — делінген хабарламада.
Айта кету керек, Шымкентте 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізілді. Карантин режимі аясында барлық мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылды, тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынып отыр. Бұның барлығы әлемді жаулаған жаман індеттің алдын алу мақсатында жасалынып отырған қауіпсіздік шаралары.
Тарих бетінде қастерлі күн саналатын 31-мамыр «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» 23 жылдан бері тұрақты түрде аталып өтіп келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылы атаулы күн ретінде белгіленген бұл дата еліміздің өткен […]
Қашықтықтан оқыту жүйесі Қазақстан үшін таңсық емес. Алайда мектеп оқушылары жалпы бұндай жаппай қашықтықтан оқыту жүйесін бірінші рет қолданып отыр. Сондықтан қиындық болуы заңдылық. Сала мамандарының хабарлауынша 17 мыңнан астам ұстаз тас түйін дайын отыр. […]
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шымкент қаласындағы 40 майдангерге Ұлы Жеңістің 75 жылдығы арнайы медалі мен құттықтау хаты табысталды. Мереке қарсаңында қала әкімі Мұрат Әйтенов ҰОС ардагері Сәрсен Әбдінұровтың үйіне барып, арнайы медалін тапсырып, […]
Пікір қалдыру