Шымкент қаласының Еңбекші ауданы 22 800 гектар аумақты қамтып, 228 830 тұрғыны бар. Ауданда 18 тұрғын алап пен 11 шағынаудан орналасқан. Мұнда 728 көше мен өткел, 2 саябақ, 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37 061 жеке тұрғын үй бар. Бұл туралы бүгін Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы баяндады.
Ауданның негізгі бөлігіндегі 29 шағынаудан мен тұрғын алаптар инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілген. Тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін аудан әкімінің аппараты маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда:
Ауыз су: 97%-ға қамтылған, электр жарығы: 99,8%, табиғи газ: 90,7%; кәріз жүйесі: 41%, асфальт жолдар: 73,1%-ды құрайды.
2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес инфрақұрылым жүйелерін дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Келесі жылы «Жастар» көшесі мен «Қазығұрт» станциясы маңындағы 102 абонент және Оңтүстік-Жаңақұрылыс аймағындағы 989 абонент сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта жобалау-сметалық құжаттаманы «Строительная группа «Архитектор» ЖШС әзірлеуде.
Еңбекші ауданының инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруда.
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен бюджеттік тәртіпті күшейту, оның атқарылуын жүйелеу және бюджетті жоспарлаудың тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған жиын өтті — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Қала басшысы жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлаудағы […]
«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді. Бұл жерде білім беру саласы айрықша рөл атқарады. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің […]
Шымкент қаласында бесінші сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы бір жағдай тіркелді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Қаладағы Желтоқсан көшесінің тұрғыны жиырма төрт жасар азамат, Жетісай қаласынан тіркелген науқаспен жиырма үшінші наурызда Петропавл Қызылорда […]
Пікір қалдыру