Қаламызда жыл сайын көшелер мен аулаларды абаттандыру бағытында үлкен көлемдегі жұмыстар жүргізілуде. Көпқабатты үйлердің аулаларында жаңа спорт және балалар ойын алаңдары салынып, тұрғындардың жайлылығы мен қолайлығын арттыру үшін түрлі шаралар жүзеге асырылуда.
Өкінішке қарай, қазіргі таңда балалар мен спорт алаңдарының сақталуы өзекті мәселеге айналып отыр. Қала тұрғы ретінде сіздер ауладағы тазалыққа мән беріп, балаларды ойын алаңдарының жабдықтарын ұқыпты пайдалануға үйретуге ерекше көңіл бөлулеріңіз қажет. Көп жағдайда алаңдардың бүлінуіне тұрғындардың жауапсыздығы мен құралдарды дұрыс пайдаланбауы себеп болып жатады.
Қала әкімі «баршаңызды аула мүлкіне ұқыптылықпен қарап, қамқорлық танытуға шақырамын. Егер вандализм әрекетінің куәсі болсаңыз, бейжай қарамай, құқықбұзушылықтар туралы дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймын.», — деді.
Осыған орай , Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне елді мекендердің көшелерін тазарту, ағаш отырғызу және аумақтарды абаттандыру науқанын бастауды тапсырған болатын. Осыған сәйкес Шымкент қаласында «Таза қала үшін» акциясы басталды. Мегаполистің барлық аудандарында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Шымкент халықаралық әуежайы халықаралық жүк тасымалы саласындағы ірі жетістікке қол жеткізді. Әуежай Еуропалық одақтың авиациялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетінін дәлелдеп, RA3 (Regulated Agent Third Country) мәртебесін иеленді. Бұл мәртебе әуежайдың жүк тасымалдау бағытындағы халықаралық беделін […]
21 қазан күні сағат 20:00 шамасында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару барысында жоғары кәсіби шеберлік пен қырағылық көрсетті. Бұл оқиға тұрғындардың қауіпсіздігін […]
Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен бірінші кезекте азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі жіті бақылауға алынды. Бұл мақсатқа қажетті қаржы бөлінді. Мемлекет бекітіп берген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты […]
Пікір қалдыру