Қаламызда жыл сайын көшелер мен аулаларды абаттандыру бағытында үлкен көлемдегі жұмыстар жүргізілуде. Көпқабатты үйлердің аулаларында жаңа спорт және балалар ойын алаңдары салынып, тұрғындардың жайлылығы мен қолайлығын арттыру үшін түрлі шаралар жүзеге асырылуда.
Өкінішке қарай, қазіргі таңда балалар мен спорт алаңдарының сақталуы өзекті мәселеге айналып отыр. Қала тұрғы ретінде сіздер ауладағы тазалыққа мән беріп, балаларды ойын алаңдарының жабдықтарын ұқыпты пайдалануға үйретуге ерекше көңіл бөлулеріңіз қажет. Көп жағдайда алаңдардың бүлінуіне тұрғындардың жауапсыздығы мен құралдарды дұрыс пайдаланбауы себеп болып жатады.
Қала әкімі «баршаңызды аула мүлкіне ұқыптылықпен қарап, қамқорлық танытуға шақырамын. Егер вандализм әрекетінің куәсі болсаңыз, бейжай қарамай, құқықбұзушылықтар туралы дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймын.», — деді.
Осыған орай , Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне елді мекендердің көшелерін тазарту, ағаш отырғызу және аумақтарды абаттандыру науқанын бастауды тапсырған болатын. Осыған сәйкес Шымкент қаласында «Таза қала үшін» акциясы басталды. Мегаполистің барлық аудандарында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтының маңыздылығына тоқталып, саланы дамытуда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына демеушілер мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін жеткізген болатын. Бұл ретте тұрғындардың да белсенділік танытуы маңызды. […]
Шымкентте кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Оны дезинфекциялық орталық атқаруда. Мегаполистегі 15 тұрғын алапқа қарасты 6 250 000 мың шаршы метр жер дәріленеді. Залалсыздандыру жұмыстары 7 сәуірден басталған. Қазірге дейін мамандар Еңбекші ауданына […]
Шарипов Аманқұл, ҰОС ардагері ШАРИПОВ Аманқұл 1926 жылдың 1 қаңтарында қазіргі Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «Жұмысшы» ауылында дүниеге келген. Ауылдағы жеті жылдық мектепті бітірген. 1944 жылы он сегіз жасында қызыләскер қатарына алынған. Екінші Белорусь майданында […]
Пікір қалдыру