Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске әкім орынбасарлары мен бөлім басшылары, дербес сала өкілдері және полиция басшылығы мен кірістер басқармасы, ветеринария бөлімі қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, халықпен кездесуде көтерілген мәселелер мен 1310 және 109 байланыс орталықтарына түскен өтініштердің орындалуы, сондай-ақ, берілген тапсырмаларды орындау бойынша анықталған кемшіліктер баяндалды.
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тапсырмалардың орындалуы бойыша бірқатар нысандарды аралау нәтижесінде және халықпен кездесулерде берілген уәделердің орындалмай, салғырттық танытқандары үшін бірқатар сала басшыларына қатаң сөгіс жариялады. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының ұсынысын ескермей, жауапкершілік танытпағаны үшін кейбір басшылардың жұмысын тергеп-тексеруге жолдап, қызметінен шеттетуді тапсырды.
«- Әріптестер, барлығымыздың халық алдында үлкен жауапкершілігіміз бар. Айтылған тапсырма дер кезінде орындалуы керек. Сәйкесінше әрбір атқарылып жатқан жұмыстың сапасы қатаң бақылауда болуы тиіс. Мердігер компанияларлар өткізген үйлердің, нысандардың сапасына толық жауап беріп, айтқызбай қамтамасыз етуі тиіс. Егер жұмыстар талапқа сай жүргізілмесе, тиісті шара қабылдаңыздар. Біреудің жауапсыздығы үшін халық шырылдамауы керек.»- деп атап өтті.
Сондай-ақ, қала әкімінің жеке қабылдауына әдеттен тыс көп жазылушылардың болуына байланысты, сала басшыларының жұмысын бағалап, тұрғындармен тығыз жұмыс жасауды тапсырды.
Пікір қалдыру