ҚАЛАДЫҒЫ СЫРТҚЫ ЖАРНАМАЛАР «ТІЛ ТУРАЛЫ» ЗАҢНЫҢ ТАЛАПТАРЫНА САЙ БОЛУЫ КЕРЕК

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес Түркістан қаласындағы сыртқы жарнамалармен көрнекі ақпаратты, жарнама тілін реттеу және жүйелеу мәселелері кезекті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Рейдтік шара барысында Тәуке хан даңғылы «Қуаныш» базары аумағындағы сауда орындарының сыртқы маңдайшалары, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері басқа да көрнекі ақпараттардың ҚР-ның «Тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкес жазылуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Басты мақсат – қаладағы көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарының орындалуын қадағалау, орын алған заң бұзушылықтар бойынша жұмысты ұйымдастыру.

​«Қазақстан Республикасының Тіл туралы» заңының 21-бабына сәйкес, көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мемлекеттік тілде сол жағына немесе жоғары жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналсады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. «Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнамалар, ас мәзірлері, баға көрсеткіштері, нұсқағыштар және басқа да көрнекі ақпараттар мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады» деп заңда көрсетілген.

​Нәтижесінде, жалпы саны 25 шаруашылық субьектілер мен 7 жеке кәсіпкерге ескерту жасалып, белгіленген мерзімде ретке келтіруге ұсыным хат берілді.
​Кемшіліктер орындалмаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» №235-V Кодексінің 75 бабының 3 тармағына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу — ескерту жасауымен шектелетінін немесе жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны ескертілді.
​Осы бағытта келесі С.Ерубаев көшесі бойындағы сауда орындарының жарнама мәтіндерінің ҚР-ның «Тіл туралы» Заңына сәйкес жазылуына бақылау жүргізіліп, орын алған кемшіліктер бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*