Түркістан өңірінде құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Әсіресе, облыс орталығында жұмыс қарқынды. Халық санының өсуіне байланысты және туристік орталыққа айналдыру бағытында тағы да маңызды жобалар жүзеге асады. Аталған жобалар облыс әкімдігінде өткен кезекті мәжілісте талқыланды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қаланы Бас жоспарға сай дамытып, бірыңғай сәулет үлгісін қолдану керектігін жеткізді. Көгалдандыру, ағаштарды көбейту және бос жатқан жерді тиімді әрі сапалы игеруді тапсырды.
– Түркістанның өзіндік дизайны, сәулет үлгісі болуы керек екенін білесіздер. Әр жобаны жіті зерделеп, сәулетшілердің талқысынан кейін ғана жүзеге асыру керек. Әлеуметтік нысандар, демалыс орындары, саябақтар және өзге де ғимараттар бір-бірімен үйлесіп тұрғаны жөн, – деді Дархан Сатыбалды.
Өңірдің сәулеті талқыланған жиналыста 17 жоба қаралды. Қалалық мәдениет үйінің қасбеті, қалаға кіреберіс тұстағы тұрғын үйлер, абаттандыру жобалары да сараланды. Сонымен бірге ескек есу каналының маңын ірі туристік орталыққа айналдыру, аквапарк, қонақ үйлер салу мәселесі талқыға түсті. ІТ парк салу, қосымша білім беру орталықтары ғимараттарын салу туралы да ұсыныстар қаралды. Жобаларды жүзеге асыруға жеке инвестициялар да тартылады.
«Бүгінде «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы дайындалып жатыр. Осы заң қабылданған соң, қала әкімдігі мен мәслихатына қосымша құзыреттер беріледі. Бұл тұрғындардың күрделі мәселелерін тез арада шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы, сауда және қызмет көрсету сұрақтары қала деңгейінде дербес шешіледі» — деді өз сөзінде.
Ал, қанатын жайып, құрылысын қарқындатқан тарих пен мәдениеттің ордасына Мемлекет басшысы былай деген болатын: «Кейінгі жылдары Түркістанға тартылған инвестиция көлемі 8 есе артты. Қаланың инфрақұрылымы жаңғырып, жаңа нысандар бой көтеріп жатыр. Атап айтқанда, 77 мың адамға арналған көпқабатты үйлер салынды. Шаһар жасыл желекке оранып, экологиялық ахуалы жақсарды. Тұрғындарды ауызсумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілді деп айтуға болады».
Түркістан қаласында волейболдан 2008-2009 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды. Спорттық сайысқа өңірден 12 команда 170-ке жуық волейбол шебері қатысып, бас жүлдеге таласуда. Жарыстың алғашқы күні екі топ бойынша мықтылар анықталып, ертең […]
Түркістанда ерекше балаларға арналған «Жұлдызды сәт» мега-жобасы сәтті аяқталды. Іс-шараға неврологиялық сырқаттары бар балалар қатысып, өз өнерлерін көпшілікке паш етті. Концерт барысында көрермендерге қолөнер көрмесі ұсынылып, театрландырылған сахналық қойылым көрсетілді. «Жұлдызды сәт» мега-жобасын Түркістан қаласының […]
Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Turkistan open media forum». Жаңа және дәстүрлі медиа: ынтымақтастықтың заманауи модельдері» атты форум өтті. Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен, облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өткен форум еліміздің бас […]
Пікір қалдыру