Айта кетейік, 1992 жылдың 10 каңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері құрылды. 2014 жылдың 21 сәуірінде Ішкі әскерлер Ұлттық ұлан болып қайта құрылды. Ал, 2015 жылы «Ұлттық ұлан туралы» заң күшіне енді.
Ішкі әскердің жеке құрамы алға қойылған тапсырмаларды лайықты түрде орындап, жеке адам мен азаматтың конституциялық құқығын, қауіпсіздігін, қоғам құндылықтарын, мемлекет тұрақтылығы мен тыныштығын қауіп-қатерлерден жан-жақты қорғау жолындағы жауапты қызметіміз тек қана құқықтық шеңберде іске асып келеді. Еліміздің құқық қорғау органдары жүйесіне кіретін кешегі Ішкі әскер, бүгінгі Ұлттық ұлан жеке құрамы өздері жүріп өткен 32 жыл ішінде заман талаптарына сай толық, жан-жақты қалыптасып болды деп айтуға әбден негіз бар.
Ұлттық ұлан тарихында Отанымыздың қауіпсіздігін жанқиярлықпен қамтамасыз еткен әскери қызметшілердің ерлігі, батырлығы және адалдығы туралы куәландыратын мысалдар көп.
Еске салсақ, 2022 жылдың қаңтар айында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде азаматтық борышын өтеген қос сарбаз: қатардағы Мадияр Қайсаров пен Айбат Аманов тәртіп бұзушыларды тоқтату бойынша қызметтік-жауынгерлік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан.
Біздің әскери қызметшілер алдағы уақытта да әскери жолды қасиетті қорғауға және көбейтуге, әскери әзірліктерін және кәсіби шеберліктерін арттыратынына сенімдімін.
Қазақ елі – қашаннан жауынгер, намысшыл, елжанды халық. Бесігінен «Батырлар жырын» жаттап өсетін ұлы халықтың ұрпағы «Ер Төстік» ертегісімен есейетін. Жоңғарлармен шайқаста жауын шауып, Ұлы Отан соғысы ұрыстарында Берлинге Жеңіс туын тікті. Кешегі Ауған соғыстарынан да абыроймен оралып, Отан алдындағы борыштарын жанкештілікпен өтеді. Ұлттық ұланның 17 сарбазы тәжік-ауған шекарасында мемлекеттік міндеттерді атқару кезінде ерлікпен қаза тапты. Ерлік ешқашан ұмытылмайды, жылдар өткен сайын мәртебесі өсіп, айбындана түседі. Аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүрлері бүгінде Ұлттық ұланның сапында қызмет атқарып жүрген жауынгерлермен лайықты жалғасын табуда.
Пікір қалдыру