Шымкентте Ұлттық ұлан әскери қызметшілері ер адамның өмірін сақтап қалды.
Оқиға кеше түнде көшеде болды. ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің 1 жедел мақсаттағы батальонының әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару барысында «Республика» көшесімен жүріп келе, жерде жатқан адамды байқады. Қатардағы жауынгер Дильшат Абубакриев бастаған әскери жасақ дереу 103-ке қоңырау шалып, содан кейін дәрігерлерді күтпестен алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісті.
10 минуттан кейін жедел жәрдем көлігі одан әрі тексеру үшін оқиға орнына келді. Келген дәрігерлер жәбірленушіні ауруханаға жеткізді. Белгілі болғандай, ер адам жүрек жеткіліксіздігімен есепте тұрған.
Әскери қызметшілердің қырағылығы мен шұғыл әрекеттерінің арқасында ер адам өмірін сақтап қалды.
Айта кету керек, Ұлттық ұлан сарбаздары азаматтарға төтенше жағдайда әрдайым көмекке келеді, өйткені адам өмірі олар үшін басымдық болып табылады.
Ұлттық ұланның сарбаздары туралы кеңінен баяндасақ артық болмас. Сіз бен біз жұмысқа барып-келіп, үйде тамақтанып, тынығып, саялы орындарда серуендеп жүргенде олар күн-түн демей қала тыныштығын күзетеді. «Атаның баласы болмай, адамның баласы болу» деген осы болса керек. Жауынгерлер темір тәртіпке бейімделген жандар.Ұйқысынан тұрып жаттығуға кірісетін сарбаздар әрдайым шымырлығын шыңдап отыруға үйренген. Әскери қызметтің құндылығы мен жауапкершілігін сезіндіре отырып, әрбір жауынгерді отансүйгіштікке баулу сағаттары да осында жүреді. Ал нұсқамалық сабақтарда Ұлттық Ұлан жауынгерлерінің қызметке дайындығы тексеріледі. Бұл – теориялық және практикалық бағытта өрбиді. Теориялық нұсқаулық сабақта заң бұзушылық әрекеттері болып табылатын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің және ҚР Қылмыстық кодексінің баптары айтылады. Ал практикалық нұсқаулық сабағында сарбаздар дене шынықтырады. Өзін-өзі қорғауға жаттығады. Заң бұзу, қылмыс жасаумен шектелмей қарсылық білдірген азаматтарды құрықтау кезінде қолданатын әрекеттерді үйренеді. Бұдан басқа заң бұзушыны құрықтаған соң құжат рәсімдеу, оны ІІД қызметкерлеріне тапсыру сынды жұмыстар төңірегінде де өрбиді. Болашақтың тіректері, бүгінгі ұландар. Сондықтан да Ұлттық ұлан қызметкерлеріне сәттілік тілейік.
Коронавирус инфекциясына байланысты ел аумағында жарияланған төтенше жағдайға орай, Шымкент қаласы тұрғындарын мазалаған мәселелелер бойынша туындаған сауалдарға шұғыл әрі тұщымды жауап беру мақсатында арнайы «Call орталық» жұмысын бастаған болатын. Айта кету керек, орталық мамандары 22 […]
Шымкент қаласында көше тазалығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қабылданған шаралар жыл сайын күшейіп келеді. Жыл басынан бері 12 935 азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 бабына сәйкес қоғамдық орындарда тәртіп бұзғаны […]
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында Қазақстанды үш жылдың ішінде цифрлық елге айналдыру міндетін қойды. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері цифрлық даму арқылы өздерінің экономикасын нығайтып қана қоймай, халықтың білімін, мәдениетін жаңа деңгейге көтеріп отыр. Біздің еліміз […]
Пікір қалдыру