18 қарашада Шымкент қаласында орналасқан ҚР Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінің саптық алаңында белгіленген қызмет мерзімін өтеген 2-2022 әскерге шақыру сарбаздарының запасқа шығарылуына байланысты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара аясында 97 мерзімді қызмет сарбазына жоғары оқу орнына тегін негізде оқуға түсу туралы сертификаттар табысталды. Жауынгерлік ту ортаға шығарылып, әнұран шырқалған салтанатты шараға әскери бөлім ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары және әскери қызметшілер қатысты.
Бұл жоба азаматтарды мерзімді әскери қызметке ынталандыру және армияның беделін арттыру мақсатында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылды.
Іс-шараға әскери бөлімнің басшылығы, ардагерлер, сондай-ақ сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысты.
— Сіздердің қызмет кезеңіңізде жауынгерлік сайысты орындау бойынша нәтижелерге қол жеткізілді және күш-жігерлеріңіздің арқасында бөлімнің алдына қойылған барлық қызметтік-жауынгерлік міндеттер орындалды. Сіздер Отанның ұлттық және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге лайықты үлес қостыңыз, барлық жүктелген міндеттерді абыроймен орындадыңыздар, — деп атап өтті 6506 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Рахпанов.
Білім сертификатының иегерлерінің бірі Рүстем Шәкенов болды. Ол Қарағандыдан шыққан. Қызметтің 12 айында ол өзін жақсы жағынан көрсетті және әртүрлі жетістіктері үшін 785 ұпай жинады.
— Бөлімде қызмет өткеру кезінде мен дене шынықтыру, мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша күнделікті сабақтардан өттім және басқа да бағыттар бойынша жақсы нәтижелер көрсеттім. Бұл үшін маған ЖОО-ға түсуге мүмкіндік берілді, — дейді Рүстем.
Айта кету керек, мерзімді әскери қызметтен өткен сарбаздар осы сертификаттармен ЖОО-ға екі жыл ішінде түсе алады.
Бейінді министрліктің мәліметінше, осы күзде өткен жылдың әскерге шақырылған сарбаздарына 1500 грант бөлінген. Қорғаныс министрлігінің 600 әскери қызметшісіне, Ұлттық ұланның 700-ден астам сарбазына грант берілді. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінде мерзімді қызмет өткеретін сарбаздарға гранттар беріледі.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері тағы да жоғары қырағылық пен кәсібилікті көрсетіп, түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттардың заңсыз жолмен жеткізілуіне тосқауыл қойды. Бұл оқиға «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің бақылау-өткізу бекетінде, […]
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы – ел ішіндегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, құқықтық тәртіпті сақтауда, терроризмге қарсы күресте, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар нысандарды қорғауда маңызды рөл атқаратын құрылым. Қазіргі таңда Ұлттық ұлан сарбаздары тек әскери дайындықпен […]
Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінің сарбаздары Ұлттық домбыра күніне орай дәстүрлі челленджді жалғастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлестерін қосты. Сарбаздар тек Отан қорғау жолында ғана емес, рухани мұраны сақтауда да белсенділік танытып келеді. Челлендж аясында […]
Пікір қалдыру