ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЕҢ ҮЛКЕН ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНАТЫН БОЛАДЫ

2023 жылғы 17 қарашада Астана қаласында өткен Жаһандық инвестициялар жөніндегі VI Қазақстандық дөңгелек үстел аясында өзара ынтымақтастық туралы маңызды меморандумдарға қол қойылды.
Әлемдік бизнестің және қаржы секторының өкілдерін жинаған іс-шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты.
Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов жалпы сомасы 662 млн АҚШ долларға екі шетелдік компаниямен меморандумға қол қойды.
Біріншісі, Түркияның ірі компаниясы «Alarko Holding» қала аумағында жаңа форматтағы жылыжай кешенін салу. 650 млн АҚШ доллар сомассына жүзеге асырылатын инвестициялық жоба кезең-кезеңмен жалпы 500 га аумақта 5 мың жаңа жұмыс орнын құруды, жаңа технологияларды енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігі мен жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етеді.
Екіншісі, «IŞIKLAR PACKAGING Ltd.» түрік компаниясы «крафт-ролл» қағазын шығаратын зауытын салу. Жобаның құны 12 миллион АҚШ долларын құрайды.
Екі жоба да тұрақты өңірлік өсуге, инвестициялар тартып, қала экономикасының дамуына және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Шымкент көкөніс, жеміс-жидегімен елімізге ғана емес, шетелге мәлім қала. Қалада ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестікке қабілетті етіп өндірілетініне ілгеріде күмәндана қарайтындар көп болатын. Алайда, енгізіліп жатқан жаңа технологиялар көптің күмәнін сейілткен. Бүгінде еліміздің өзге өңірлері Шымкентті «жылыжайлар астанасы» деп атай бастапты. Оған шымкенттік өнімдердің барлық өңірлерде жылдың төрт мезгілінде де сатылып жатқаны да себеп болса керек. Қаладағы жылыжайлардың өнімдері бүгінде базар, дүкендерде самсап тұр және жыл бойы үзілген емес. Баға да сұранысқа байланысты құбылмалы, яғни нарық заңына сәйкес.
Мінеки, шымкенттік кәсіпкерлер жылыжайдан нәпақасын тауып, елді де жұмыспен қамтып отыр. Бау-бақша егушілер көкөніспен қала тұрғындарын жыл бойы қамтамасыз етуге қауқарлы, еліміздің өзге өңірлеріне де шымкенттік өнімдерді жеткізуге мүмкіндік мол. Ендігі жерде шетелге шығару әрбір кәсіпкердің қолға алған немесе ойында жүрген мәселе. Демек, бұл салаға қызығушылық артпаса кемімейтіні анық.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*