Шымкенттік 90 жастағы жастағы әжей пневмониядан сауығып шықты

Пневмониядан емделіп шыққан 90 жастағы шымкенттік әже дәрігерлерге бата берді. Шымкент қаласының тұрғыны, 1930 жылдың 18-ші ақпанында дүниеге келген Жақсыгүл Бекмұратова​ шілденің 10 күні ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қария кісі өкпенің екі жақты пневмания диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылған. Қос өкпесі қабынған 90 жастағы әжейге емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетілді дейді дәрігерлер. «Апа қазір өзі жүріп тұрады. Өзі тамақтана алады. Өзі әжетханаға барады. Арасында қыздар көмектеседі. Алғашында кислородта үздіксіз ем қабылдаса, қазір оттегі аппаратынсыз бірқалыпты отырады. Бұл дегеніңіз жағдайының жақсарғандығының көрсеткіші. Егде жастағы адамдар үшін сатурация көрсеткіші 94-95 ті көрсетсе бұл өте қалыпты деген сөз. Апаның жағдайы анағұрлым жақсарып қалған,»- дейді қабылдау бөлімінің меңгерушісі Пернебаева Әлия Қалшабайқызы.
Жедел жәрдем қызметімен ауыр халде​ Шымкент қалалық кардиологиялық орталығына жеткізілген қарияның денсаулығы түзеліп бүгін ауруханадан шығарылды. Аурудан айығып шыққан 90 жастағы әжей медицина қызметкерлеріне алғысын білдіріп, батасын берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*