Түркістан: Облыс дәрігерлері жарты жылда 67 отаны сәтті жасаған

 

Соңғы алты ай ішінде Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының инсульт бөлімі 67 ота жасаған. Оның ішінде 28 тромболозистік болса, 39-ы нейрохирургиялық ота болып саналады. Нейрохирургиялық отаның 22-сі ашық түрдегі және 17 эндоваскулярлы түрі екенін айта кетейік. Демек, дәрігерлердің жұмыс қарқыны бәсеңдемеген.
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында пандемия кезінде инсультке шалдыққан науқастардың емі қажетті мөлшерде, санитарлық талаптарға сәйкес жүргізілуде.
Арнайы мамандандырылған инсульт орталығында дүние жүзіне дәлелді медицинаға және еліміздің клиникалық протоколына сәйкес тромболизис, тромбоэкстракция және нейрохирургиялық оталардың барлық түрі жасалып келеді. Елімізде енгізілген карантин режимін қатаң бақылауға ала отырып, отаны аса қажетті ететнін науқастарға тиісті шаралар қолдануда.
Орталық клиникалық ауруханаға түскен барлық науқастар тиісті ем-дом қабылдап, дәрігерлердің қатаң бақылауында болады. Бүгінде ауыр індетті жұқтырған науқастардан бөлек отаны қажет ететін жандар дәрігерлердің көмегімен сауығып кетіп жатыр.
Айта кетейік, Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының инсульт бөлімі былтырғы жылы 85 тромболизистік және 115 нейрохирургиялық ота жасаған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*