Түркістан қаласында өтіп жатқан халықаралық инвестициялық форумға әлемнің алпауыт компания өкілдері қатысуда. Форум аясында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы түрлі саладағы инвесторлармен келіссөз жүргізді. Нәтижесінде алдағы уақытта инвестиция құны 141,5 млрд теңге болатын 6 жоба жүзеге аспақ. Осы арқылы шаһар тұрғындарына 790 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Халықаралық инвестициялық форумға Қытай Халық Республикасынан 120 компания және Қазақстан өңірлерінен 100-ден астам ірі компания өкілдері қатысуда. Инвесторлар қатарында лифт дайындайтын «Giant Intelligent Elevator Co» зауыты, механика және электр құралдарын өндіретін «Sichuan Hongji Engineering Management Co» компаниясы, абаттандыру, сумен жабдықтау саласындағы құрылыс өнімдерін шығаратын «Hubei Xiaode Engineering Co» сынды компания өкілдері бар. Келіссөздер аясында ынтымақтастық танытқан компаниялармен екі жақты меморандумға қол қойылды.
Жалпы бұған дейінгі ҚХР тарапынан Түркістан қаласының негізгі каптиталына тартылған инвестиция көлемі 78,2 млрд теңге болатын және 1910 жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар 3 жоба іске асырылуда. Оның ішінде жүзеге асқан «Golden Camel» ЖШС бар.
«Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебі» 2024 жылы 10 жылдық мерейтойын атаулы түрде атап өтті. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында өткен шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат […]
Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Осы атаулы мереке аясында еліміз бойынша көптеген мәдени-ағартушылық шаралар қолға алынып жатса, соның бірі – Түркістан қаласында өткен «Абай оқулары» байқауы. […]
Түркістан қаласының жуырда ғана тағйындалған әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, руһани астана тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырды. Ол бұл жайлы арнайы бейнеүндеу жасап, әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. «Құрметті түркістандықтар! Тазалық – тек қаламыздың көркі ғана емес, денсаулығымыз бен […]
Пікір қалдыру