Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» этнос өкілдерінің қатысуымен «Кім білгір?» интеллектуалды ойыны өтті. Аталған шара облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң қолдауымен ұйымдастырылған. Шарада облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев сөз алып, жиынның маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар мақал-мәтелді жалғастыру, жұмбақтың жауабын табу және көнерген сөздердің мағынасын айту сынды үш кезеңде бақ сынады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстандағы барлық этнос өкілдері қазақтың болмысын бойына сіңіруде. Елімізде қазақтың салт-дәстүрін ұстанатын өзге ұлт өкілдері өте көп. Қазақстан олар үшін туып-өскен, ержеткен, білім алған, отбасын құрған қастерлі мекені, Отаны болып саналады. Дәстүрлердің осылайша бітеқайнасуы, этносаралық және конфессияаралық келісім, өзге мәдениетке толерантты болу – біздің баға жетпес байлығымыз, қазіргі тілмен айтсақ, ұлттық брендіміз» деген болатын. Түркістан — көне замандардан бері қолөнердің орталығы болған. Бүгінгі шараның басты мақсаты – этнос өкілдерінің қазақтың байырғы қолөнеріне, шеберліктеріне қызығушылықтарын арттыру, сонымен қатар жасалынған туындыларын көпшілікке жария ету арқылы өнерлі, шығармашыл этнос өкілдерінің белсенділігін арттыру.
Нәтижесінде жүлделі 1-орынды Кентау қаласының құрамасы иеленсе, 2-орынды Төлеби ауданына бұйырды. Ал, 3-орынға «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің командасы ие болды. Осылайша өңірдегі этнос жастары сайыста өз белсенділіктерін танытты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Түркістан қаласындағы Достық үйінде 18 қазан – Рухани келісім күніне орай, облыстағы діни конфессия басшыларының қатысуымен кездесу өтті. Рухани кездесуге облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысты. Ол діни конфессия жетекшілерімен танысып, дін саласы бойынша пікір […]
Еліміздің киелі де, қасиетті рухани астанасы — Түркістан облыс орталығы болғалы барлық жағына қарқынды дамып келеді. Оның бірден бір дәлелі бүгінгі Халықаралық деңгейде өтіп жатқан марафон. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыруымен Turkistan Marathon […]
Жалпы қар тазалау және жаңбыр суларын тазарту жұмыстарына таңғы 6:00-ден бастап арнайы 20 техника жұмылдырылды. Оның 8 данасы – КДМ машиналары, 4 дана – «Беларус» тракторы, 7 дана – қызыл түсті, тротуар тазалауға бейімделген шағын […]
Пікір қалдыру