Бүгінде Кентау қаласында 38 көпқабатты тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы қалада жыл сайын «Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Нұрлы жер мемлекеттік бағдарламасы» аясында көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізілуде. Бүгінгі таңда 266 көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры, кіреберістері, қасбеті, жертөледегі инженерлік жүйелері толығымен жаңғыртылды.
Айта кетсек, Кентау қаласы бойынша 376 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 344-і қалада, 34-і ауылда орналасқан. Жалпы 2014 жылы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 — 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 9 көпқабатты тұрғын үйдің шатырлары күрделі жөндеуден өткен. Ал, 2017 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 35 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеу жұмыстары жүрді.
Үрімшіде үшінші Қазақстан-Қытай форумы өтті. Форум барсында Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мақсатында бірнеше меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында тараптар туризм, темір жолдарды дамыту, жаңа шекара өткелдерін салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемін […]
Түркістан қаласы Полиция басқармасында ерекше салтанатты шара өтті. Бұл басқосу – құқық қорғау саласында адал қызмет етіп жүрген тәртіп сақшыларының еңбегін бағалап, олардың бойындағы патриоттық рух пен кәсіби жігерді көтеруге бағытталған. Аталған іс-шара барысында полиция […]
Түлкібас ауданында 400 ірі қараға шақталған сүт фермасының құрылыс жұмыстары басталды. Жоба құны 2,5 млрд теңгені құрайтын нысан құрылысын «Майлыкент сүт» ЖШС іске асыруды көздеп отыр. Қазіргі таңда серіктестікке тиесілі 12 гектар жер толығымен қоршалып, […]
Пікір қалдыру