Үрімшіде үшінші Қазақстан-Қытай форумы өтті. Форум барсында Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мақсатында бірнеше меморандумға қол қойылды.
Кездесу барысында тараптар туризм, темір жолдарды дамыту, жаңа шекара өткелдерін салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемін ұлғайту салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін талқылады.
Халықаралық форумға Түркістан облысы әкімінің аппаратынан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, және «Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Берік Кенжебаев қатысты.
Нұралхан Көшеров облысқа инвестиция тарту мақсатында Қытайлық компаниялармен келіссөздер жүргізіп, В2В форматындағы кездесулерге қатысты. Нәтижесінде жалпы құны 7,65 млрд.тг құрайтын бірнеше меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында Түркістан облысында Қазақ — Қытай бірлескен құрылыс саласында жаңа жобалар жүзеге аспақ. Келісімшарт нәтижесінде «GLOBAL ECOPROJECT» ЖШС — ның Шлагбаумдық қоршаулар мен жарықтандыру тіректерін шығаратын зауыт ашылады және «Altyn Land» ЖШС — заманауи құрылысқа қажетті кірпіш өндірісі жобасы іске асырады.
Айта кетейік, 2023 жылы ҚР мен ҚХР арасындағы екіжақты сауда көлемі $31,5 млрд (+30,1%) жетті, ҚР экспортын қосқанда – $14,7 млрд (+12,6%). 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы $9 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға жоғары.
Сондай-ақ, сапар барысында Қазақстан Республикасының вице-премьері Серік Жұманғарин мен қытай тарапымен сауда, инвестиция сонымен қатар ынтымақтастықты нығайтуды талқылады.Қазақстанның вице-премьері Серік Жұманғарин Қазақстан сиыр етінің экспортын 500 мың тоннаға дейін арттыруға дайын екенін мәлімдеді.
Шыңжаң билігі Қазақстанға Гонконг пен Макаомен сауда қатынастарын дамытуға көмектесуге ниет білдірді. Серік Жұманғарин екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуын атап өтіп, Қазақстан мен ШҰАА үшін 2023 жыл өзара келісімшарттар жылы ғана емес, сонымен қатар ҚХР еліміздің ең ірі сауда серіктесі болған жыл болғанын атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесін одан әрі дамыту және мұғалімдерді қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажеттігін атаған еді. Артынша мемлекет басшысы үш ауысымды және апатты мектептердің тапшылығын шешу үшін «Жайлы мектеп» […]
2020 жылдан бастап мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек үш бағыт бойынша жүреді. Біріншісі, көпбалалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну, бұл ретте көпбалалы отбасы – аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып […]
Төлеби ауданында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Тур аясында журналистер алдымен Қаратөбе ауылдық округіндегі шағын су электр станциясының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жеке инвестор «Тау Энерго» ЖШС тарапынан салынып жатқан станцияның қуаттылығы сағатына 3,2 МВТ құрайды. […]
Пікір қалдыру