Кентау қаласының тұрғыны Алтынай Қартабаева мемлекеттен қайтарымсыз грант жеңіп алып, массаж кабинетін ашқан. Бүгінгі таңда қала тұрғындарына қызмет көрсетуде. Мемлекеттен берілген грант қаражатына қажетті орындықтар, фито-бөшке, денеге массаж жасайтын аппарат сатып алған.
Еңбекқор ана нүктелі массаж жасауды Қытай еліндегі Үрімжі қаласына барып үйренген. Кейін Астана, Алматы, Шымкент қалаларына барып, арнайы массаж курстарынан өтіп, біліктілігін арттырған. Осылайша арнайы орталық ашып, халыққа қызмет көрсетіп келеді. Тәжірибелі маманға ем іздеп келушілердің қатары көбейіп, сырқатынан айыққандар ризашылық білдіруде.
2024 жылы Түркістан облысында Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1793 грант беру жоспарланған.
Ашық форматта өткен комиссия отырысы аудан, қала көлемінде Мансап орталықтарының әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы көрсетілді.
Жаңа бизнес-идеяларды қолдауға арналған жобаға облыс көлемінде 1-лек бойынша 2 471 азамат өтінім білдірген. Бизнес-жобаларын қорғауға 2 097 азамат қатысты. Нәтижесінде биылғы жоспарға сәйкес 897 азаматтың бизнес-жобасы мақұлданды. Ал қалған 374 азамат белгісіз себептермен комиссия отырысына қатыса алмаған.
Түркістан қаласында өз несібесін жерден терген, қажырлы еңбектерімен қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының нығаюына қомақты үлес қосып келе жатқан Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «AGROFEST TÚRKISTAN — 2024» салтанатты шарасы өтіп жатыр. Бұл күні тұрғындарға […]
Төлеби ауданында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Тур аясында журналистер алдымен Қаратөбе ауылдық округіндегі шағын су электр станциясының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жеке инвестор «Тау Энерго» ЖШС тарапынан салынып жатқан станцияның қуаттылығы сағатына 3,2 МВТ құрайды. […]
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың шардаралық шаруалармен кездесуі барысында ағын су мәселесі көтеріліп, шағымдары зерделенді. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов аудандағы жағдайды баяндап, іске асырылып жатқан жобалардың есебін ұсынды. Қазіргі таңда Шардара ауданында 6 […]
Пікір қалдыру