Кентау қаласының тұрғыны Алтынай Қартабаева мемлекеттен қайтарымсыз грант жеңіп алып, массаж кабинетін ашқан. Бүгінгі таңда қала тұрғындарына қызмет көрсетуде. Мемлекеттен берілген грант қаражатына қажетті орындықтар, фито-бөшке, денеге массаж жасайтын аппарат сатып алған.
Еңбекқор ана нүктелі массаж жасауды Қытай еліндегі Үрімжі қаласына барып үйренген. Кейін Астана, Алматы, Шымкент қалаларына барып, арнайы массаж курстарынан өтіп, біліктілігін арттырған. Осылайша арнайы орталық ашып, халыққа қызмет көрсетіп келеді. Тәжірибелі маманға ем іздеп келушілердің қатары көбейіп, сырқатынан айыққандар ризашылық білдіруде.
2024 жылы Түркістан облысында Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1793 грант беру жоспарланған.
Ашық форматта өткен комиссия отырысы аудан, қала көлемінде Мансап орталықтарының әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы көрсетілді.
Жаңа бизнес-идеяларды қолдауға арналған жобаға облыс көлемінде 1-лек бойынша 2 471 азамат өтінім білдірген. Бизнес-жобаларын қорғауға 2 097 азамат қатысты. Нәтижесінде биылғы жоспарға сәйкес 897 азаматтың бизнес-жобасы мақұлданды. Ал қалған 374 азамат белгісіз себептермен комиссия отырысына қатыса алмаған.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Мен сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын!» атты ауқымды акция жалғасуда. Бұл бастаманың басты мақсаты – жергілікті тұрғындардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, учаскелік полиция инспекторлары мен азаматтар арасында тығыз әрі тиімді […]
Түркістан облысындағы барлық аудан орталықтарында референдум күні жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. Тұрғындар азық-түлік өнімдері мен көкөністерді нарықтық бағадан 15-20% төмен бағада сатып алып жатыр. Өңір шаруалары өз өнімдерін жұртшылыққа арзан бағада ұсынып, ел алғысына бөленуде. Айта кетейік, […]
Ел мақтанышы, белгілі спортшы, V дүниежүзілік Көшпенділер ойынының жеңімпазы арыстық Азамат Мақұлбеков республика көлемінде өтіп жатқан маңызды саяси шара АЭС құрылысына қатысты референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Алыптар сайысының жеңімпазы Азамат қоғамның белсенді мүшесі ретінде […]
Пікір қалдыру