Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастап тұр. Халық санымен есептегенде, 1 млн 750 мыңға жуық халық немесе облыс тұрғындарының 81,5% табиғи газбен қамтылған. Бұл еліміздегі жалпы көрсеткіштің 28,4 пайызы. Яғни, газбен қамтылған әрбір үшінші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Биыл 75 мың халық табиғи газбен қамтылады.
Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауыл халқын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында Сауран ауданында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бүгінде 10 елді мекенге табиғи газ құбыры жүргізіліп, газбен қамту деңгейі 31,4 пайызды құраған. Жыл басында Бершінтөбе, Ибата елді мекендері табиғи газға қосылған болатын.
Қазіргі таңда Оранғай елді мекенін газбен қамту жұмыстары басталды. Аудан басшысы Мақсат Таңғатаров елді мекенге арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Газ құбырын жүргізу жұмыстары қыркүйек айында басталып, 2025 жылдың қараша айында аяқталмақ. Жалпы ұзындығы 97 шақырымды құрайды. Жұмыстар толық аяқталғанда 2 188 абонент газбен қамтылады. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «KZ Invest Constuction» ЖШС атқаруда. Ал, техникалық қадағалаушы мемеме «Инжиниринг Сервис Групп» ЖШС.
Алдағы уақытта аудан аумағын газбен қамту мақсатында Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне магистральды және ішкі құбырларына жобалар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджетке өтінім жолданды.
Одан бөлек, облыс әкімінің жіті қадағалауымен, соңғы он жылда құрылысы тоқтап тұрған нысандарды іске қосу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 40-қа жуық проблемалық нысан іске қосылып, 35 елді мекенде құрылыс жұмыстары басталды. Ал жарты жолда қалған «сақалды» құрылыс бойынша 4 газ тарату стансасының мәселесі шешілді. 1,5 жылдың ішінде 100 мың халық жылдар бойы күткен газға қол жеткізді.
Шымкент қаласында 81 шағын ауданның 65-і сапалы электр қуатымен қамтылған. Өткен жылы 13 шағын ауданда электр желісінің құрылысы аяқталып, 23 мыңнан астам адам сапалы электр желісіне қосылды. Нәтижесінде, қамту көрсеткіші 93 пайыздан 95 пайызға […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев күн батқанда шаһарды аралап, түнгі уақыттағы қаланың тіршілігімен танысты. Аймақ басшысы шаһардағы екі шақырым жерде жаңадан орнатылған жарықтандыру желісінің құрылысын көріп, ерекшеліктерінен хабардар болды. Заманауи үлгідегі ақылды сыртқы жарықтандыру жүйесінің […]
Бүгін Түркістандағы «Түркістан арена» стадионында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада басталды. Дүбірлі сынның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, былтырғы республикалық спартакададағы жеңісті жол биыл да жалғасын тапсын деген тілегін жеткізді. […]
Пікір қалдыру