Түркістан облысында жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды. Бұл мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қадағалуында тұр. Бұл ретте Сауран ауданында да жұмыстар жүріп жатыр.Сауран ауданындағы Майдантал ауылдық округіне қарасты Қаражон, Ынталы елді мекендеріндегі 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы уақытқа дейін бұл мәселе ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше рет көтерілген. Аудан басшысы Мақсат Таңғатаров жөндеу жұмыстарын арнайы барып қадағалады.
Бүгінде Майдантал ауыл округінің Қаражон, Ынталы елді мекендеріндегі Төрткүл, Ақсарай, Құсшы ата, Ақсай, Б.Момышұлы, Т.Рысқұлов, І.Жансүгіров көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 12,56 шақырымды құрайтын көшелер «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында «Altai Building LTD» ЖШС мекемесі тарапынан атқарылуда.
Сауран ауданында аудандық маңызы бар жолдар 119 шақырым және елді мекен жолдары 731 шақырымды құрайды. Олар 65 пайыз асфальттанған.2023 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 28 көшеге 23 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ағымдағы жылы 26 көшеге яғни, 58,6 шақырымға асфальт жол салынады.Сонымен қатар, 72 шақырым тас төсеу жұмыстары атқарылып, 2024 жылы 48 шақырым жолға топырақ жолға тас төселеді. Елді мекендерде аяқжол салу қажет ететін 24 шақырым аяқжолдың 9 шақырымы ағымдағы жылы, қалған 15 шақырымы 2025 жылға жоспарланған.
2 ауылдық округте жалпы 97 көпір бар. Оның ішінде, 5 көпірді 2023 жылы, 2024 жылы 10 көпірді, 2025 жылға 24 көпірді жөндеу жоспарлануда. Қоғамдық көліктер бойынша аудан тарапынан ауданішілік жолаушылар тысамалына 6 бағыт жоспарланып, 3 бағыт бойынша қызмет көрсетілуде.
Айта кетейік, Түркістан облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 459 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 723,1 шақырым болса, облыстық маңызы бар жолдар 3 983,3 шақырымды, аудандық маңызы бар жолдар 1 725,7 шақырымды, елді мекен ішіндегі көшелер 11025,7 шақырымды құрайды.
Түркістан облысы халықаралық әріптестік пен экономикалық серпіліс жолында жүйелі қадамдар жасауда. Жуырда облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасының Шанхай аймағынан келген ірі инвесторлар делегациясын қабылдады. Бұл кездесу өңірдің өндірістік және инвестициялық әлеуетін шетелдік серіктестерге […]
Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына жұмыс сапарында осы саладағы бастамаларды тағы бір пысықтады. Нақты айтсақ, ауданда екі өндірістік аймақ құрылады және «Бадам» индустриалды аймағы 50 […]
ТҮРКІСТАН: АУДАН, ҚАЛА ӘКІМДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КҮНДЕЛІКТІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРГЕ ШЫҒАДЫ Қазіргі таңда, «COVID-19» пандемиясының кең таралуының алдын-алу мақсатында Түркістан облысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Пандемиямен күрес кезіндегі қолға алынған шаралар және алдыңғы кезектегі мәселелермен тұрғындарды ақпараттандыру да […]
Пікір қалдыру