Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы ұйымдастыруымен жүйелі таңғы жаттығу сағаты өткізілуде.
Әр сектордың ашық алаңында өткізілетін шараға бұған дейін 300-ге тарта тұрғын қатысқан.
Мекеме директоры Нұрланәлі Сыздықовтың айтуынша бұдан бөлек тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ұстануды мақсат еткен түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Мектеп оқушылары үшін клубта тегін спорттық үйірмелер, атап айтқанда, шахмат, үстел теннисі, футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, стритбол
сынды спорт түрлерінен келіп жаттығуға жағдай жасалған.
Айта кетейік, аталған үйірмелерге қатысу тегін. Онда 6- 16 жас аралығындағы балалар шыныға алады. Ол үшін +7 776 991 1191 (Амандық), +7 707 222 1710 (Фариза) байланыс нөміріне хабарлассаңыз болғаны.
Облыс орталығында дәстүрлі өтетін «Turkistan Cup» кубогы сарапқа салынатын теңбіл доп додасы биыл да жалғасты. Бүгін жарыстың ашылуы «Керуен Сарай» көпсалалы туристік кешенінде өтті. Бәйгені Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев пен қалалық мәслихат төрағасы […]
Түркістанда әлем әншілерінің назарын аудартқан ғажап үн, талайды тамсандырған Тұран дауысы қайта оралды. Бүгін «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Республика күніне орай Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық «Voice of Turan-2024» қазақ әндері фестивалі басталды. Салтанатты […]
Қала аумағындағы санитарлық тазалықты, атқарылған жұмыстарды қадағалау мен тексеру арнайы құрылған жұмысшы топқа жүктелді. Бұл бойынша қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен арнайы мәжіліс өтіп, жұмысшы топ міндеттері таныстырылды. — Жауаптылар бекітілді, аймақтар белгіленді. Аптасына бір […]
Пікір қалдыру