Облыс орталығында дәстүрлі өтетін «Turkistan Cup» кубогы сарапқа салынатын теңбіл доп додасы биыл да жалғасты.
Бүгін жарыстың ашылуы «Керуен Сарай» көпсалалы туристік кешенінде өтті. Бәйгені Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев пен қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев ашты. Жиын барысында арнайы жеңімпаздарға арналған “TURKISTAN CUP” кубогы салтанатты түрде ортаға әкелінді.
Айта кетейік биылғы бәсекеде 8 жас пен 16 жас аралығындағы спортшылардан құралған 80-ге тарта команда жүлделі орындарды сарапқа салмақ. Олар елімізбен қатар, Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекетінен келген футболшылар.
Балалар мен жастар арасындағы футболдан ойынын дамытуды мақсат еткен шара 7- қарашаға дейін Октябрь Жарылқапов стадионында өтеді.
Қазіргі таңда спорт индустриясы даму қарқынының төмен болуы спортты басқару институттарының тиімді жұмыс істеу және өзара әрекеттесуінің болмауымен айқындалады. Сонымен қатар, респбуликалық, жергілігікті, мемлекеттік емес ұйымдар және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен іске асырылатын саясаттарының бір бағытты ұстанбауы спорт саласынының біртұтастығына кері әсер етеді.
Бүгінде мемлекетімізде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (әрі қарай — Министрлік) спорт саласының барлық аспектілерін заңды түрде реттеуші мемлекеттік орган болып табылады. Алайда, іс жүзінде ол спорт индустриясының субъектілеріне тікелей әсер ету механизмдеріне ие бола алмайды және мемлекеттік спорт саясатын іске асыру мақсатында қолданылатын ресурс көздерін үлестіруге қатыса алмайды. Мысалы, Министрлікте территориялардың қажетті спорт инфраструктурасымен қамтамасыз етілу қажеттіліктерінің нормаларын анықтау құзыреттілігі жоқ.
Дене шынықтыру және спорт — жастардың денсаулығымен, олардың бос уақытты өткізу тәртібімен, бейәлеуметтік әрекеттерімен тікелей байланысты жастар саясатының маңызды бөлігі. Жастар спорты — жоғары жетістіктер спортының фундаменті.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қазақ таэквондосының негізін қалаушы, түркі әлемінің біртуар перзенті Мұстафа Өзтүріктің қызы – Неслихан Өзтүрікті қабылдады. Қала әкімдігіндегі жылы жүздесу рухани байланыс пен тарихи сабақтастыққа толы мән-мағынамен өрілді. Неслихан Өзтүрік атажұртына […]
2024 жылы 22 қазан күні Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен және осы басқарманың басшысы Ерлан Күзембаевтың модераторлық етуінде «Киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениеті» тақырыбында семинар өтті. Семинардың басты мақсаты […]
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Түркістан қаласының мәдениет күндері Гала-концертпен жалғасты. Шаһардағы «Керуен Сарай» туристік кешенінде өткен шараға қала әкімі қатысып, сахна төрінде жұртшылыққа жылы лебізін білдірді. Мәдени шараға шаһар тұрғындары мен қонақтары, облыстық […]
Пікір қалдыру