2024 жылы 22 қазан күні Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен және осы басқарманың басшысы Ерлан Күзембаевтың модераторлық етуінде «Киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениеті» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты — киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениетін арттыру, жалған ақпараттың (фейк) таралуына жол бермеуге қарсы заңнама аясында тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және осыған байланысты өзекті мәселелер мен ұсыныстарды талқылау, ақпараттық жұмыстарды жетілдіру.
Осы іс-шараның жұмысына Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің,Аналар кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің, Ғылыми-сарапшы тобының, Журналистер мен блогерлер клубының,Медиация кеңесінің және «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері, сонымен қатар «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандық, қалалық филиалдарының мамандары қатысты.
Жиында спикерлер қатарында болған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Садуақасова Айгүл Кәкімбекқызы, Түркістан облысы прокурорының аға көмекшісі – топ басшысы Тұрсынбаев Ербол Асқарұлы, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек және «Turkistan TV» телеарнасының басқарушы директоры Жанна Жайлаубайқызы мазмұнды баяндама жасап, этносаралық қатынастар туралы халыққа ақпарат берудің басты ерекшелігі және жауапкершілігі жайында сындарлы пікірлерімен, пайдалы тәжірибелерімен бөлісті.Сонымен қатар, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің ақпарат жәнекиберқауіпсіздік басқармасының қызметкері Сәкен Әуесбеков және Түркістан облысы Полиция департаментінің басқарма басшысы Асқар Қошқалиев жарыссөзге қатысып,сөз сөйледі.
Жиын барысында қатысушы азаматтардан туындаған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, өзара пікір алмасу және ұсыныстар жасау сессиясы өткізілді.
Семинар қорытындысымен оның жұмысына қатысқан азаматтарға сертификаттар табысталды.
Елімізде 2020 жылдан бастап Абай күні кеңінен аталып өтуде. Осыған орай Түркістан қаласында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Тағылымды жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, зиялы қауым өкілдері мен өңір кітапханашылары, дарынды оқушылар қатысты. Алдымен келген қонақтар […]
Түркістан қаласы жолдарының ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Оның ішінде 125,61 шақырымы орталықтағы бірінші кезекте қардан тазаланып, инертті материалдар себілетін жолдар. Биыл жыл басынан бері асфальтты жолдар көлемі 41,7 км артқан. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қысқа […]
Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында «Түркістанның таңдаулы туындысы – 2025» акциясы аясында танымдық әдеби сағат ұйымдастырылды. Іс-шараға белсенді жас оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері қатысып, жергілікті қаламгерлердің шығармашылығын кеңінен талқылады. Әдеби кештің негізгі мақсаты […]
Пікір қалдыру