Елімізде 2020 жылдан бастап Абай күні кеңінен аталып өтуде. Осыған орай Түркістан қаласында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Тағылымды жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, зиялы қауым өкілдері мен өңір кітапханашылары, дарынды оқушылар қатысты.
Алдымен келген қонақтар арнайы жасақталған кітап көрмесімен танысты. Содан соң облыс әкімінің орынбасары мен бір топ зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Жиында алғаш болып сөз алған «Түркістан облыстық ақсақалдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы Абай ілімін тарқатып, жастарға өнеге беретін ерекше сөздерін атап өтті.
Ертай Кенжебекұлы өз кезегінде бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды.
– Бүгінгі шараның қазақ руханияты мен әдебиетінде алар орны айрықша. Ұлы кемеңгер Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен еңбектерін дәріптеу – бізге артылған абыройлы міндет. Атаулы күн «Абай оқулары» халықтық акциясы, «Абайдың қара сөздері» әдеби челленджі, ғылыми конференциялар мен абайтанушы ғалымдармен шығармашылық кездесулер арқылы кеңінен насихатталады. Осы орайда, Түркістан тұрғындары мен қонақтарына рухани бағдар болып тұрған Абай ескерткішінің алдына жиылып, ақын рухына тағзым ете келген әрбіріңізге алғыс білдіремін, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығы оқушыларының көркем сөз оқуларын оқыды. Ал орталық жетекшілері жанды дауыста Абай әндерін шырқап, көптің қошеметіне бөленді. Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облысындағы өкілі Айдар Сейдәзім бастаған қаламгерлер пікір білдіріп, ұлы ақынның өлеңдерін оқыды.
Атаулы күнге орай облыстық «Фараб» кітапханасы ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 179 жылдығы аясында «Абайды оқы, орында» атты әдеби іс-шаралар онкүндігін бастаған болатын. Онкүндік аясында түрлі танымдық, әдеби-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар аудан, қаладағы барлық мәдени мекемелерде көрмелер, кездесулер өткізілуде.
Облыс орталығында «Бекзат» тұрғын алабының 1999 жылы туған азаматтары кіші футболдан құрдастарын еске алу турнирін ұйымдастырды. Жарыстың ашылу салтанатында ел ағасы Дәулеткерей Оспанов, «Бекзат» мешітінің бас имамы Ғалымжан Аташев, марқұм Абай Сәбитұлының ата-анасы сөз сөйлеп, […]
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейіне арнайы келіп, білім ордасының шығармашылық және рухани дамудағы жетістіктерін жоғары бағалап, ұжым мүшелерінің еңбегін тілге тиек етті. Жақында ғана Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған […]
Түркістандағы Байбұрт, Т.Бокин, Ә.Темір, Т.Нышанов, Қазыбек би, Шекті тілеу, С.Қожанов көшеліріндегі жаяу жүргіншілер жолағы мен жол сызықтары жаңартылуда. Қалалық «Түркістан жол қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың соңғы 6 айында Б.Саттарханов даңғылы, Тауке […]
Пікір қалдыру