Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев пен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының директоры Серікболсын Сандыбаев Қырғызстанда өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің туристік кеңес отырысына қатысты.
Кеңес барысында туризм саласындағы жаңа тенденциялар, ТМД құрамына кіретін мемлекеттер арасында бірлескен халықаралық туристік іс-шаралар ұйымдастырып, күнтізбе жасау, 2025 жылға жұмыс жоспары және ТМД елдерінің туристік индустрия қауымдастығы мен бірлескен жұмыс алаңын құру мәселелері талқыланды.
Кеңестің мақсаты – мемлекеттік органдар, ұлттық және өңірлік туристік ұйымдар, фирмалар, кәсіпорындар және халықаралық туристік ұйымдар арасында туризм саласындағы тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.
Облыс басшысы Дархан Амангелдіұлы өңірдің туризм саласына өте қолайлы екендігін жиі айтады Сондай-ақ, Түркістан өңірі туризмін дамыту бойынша нақты жоспары болуы керек. Түрлі идеяларды қарастырыңыздар. Таулы аймақтарда, Сарыағашта туристік нысандар мен шипажайлар арнайы жоспарға сай салынуы тиіс. Кәсіпкерлер аудандарда туризмді дамытуға, бюджет түсімін арттыруға үлес қосса, қолдау көрсетіледі. Бірақ тәртіп болуы қажет. Жоспарсыз құрылысқа жол берілмейді. Жауапты басқарма туризм бойынша кеңес өткізсін. Осы саланы жақсы білетін туроператорларды, мамандарды, сарапшыларды шақырып, кеңесіңіздер. Меймандостық және туризм университетін де осы салаға жұмылдырған жөн. Түрлі туристік бағыттар әзірленсін, нақты ұсыныстар беріңіздер -деген болатын. Міне осы бағыттардағы жұмыста жүйеленіп, көрші мемлекеттермен де тәзжірибе алмасып, нақты жоспарлар түзілуде.
Нұртас Кәріпбаев өз сөзінде туризм – экономикалық өсім мен мәдени алмасудың маңызды бөлігі екенін айтып өтті. «ТМД аясындағы ынтымақтастық – барлық қатысушы мемлекеттердің туризм саласында жаңа мүмкіндігін ашады» деген ойын білдірді.
Түркістан облысының туристік әлеуеті аталған кеңес отырысы аясында өткен жәрмеңкеде кеңінен таныстырылды. Алдағы уақытта іс-шаралар күнтізбесіне бірлесе атқарар жобаларды енгізу жоспарға қойылды.
Шардара қаласында саябақтар саны тағы біреуге артатын болды. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев бүгін тиісті сала мамандарымен бірге жаңа демалыс аймағына арналған жерді барып көрді. Шардара-Шымкент трассасы мен Шардара-Жаушықұм трассасының қиылысқан тұсынан, «Болашақ» шағынауданынан ашылатын саябақта […]
Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы археологиялық мұражай паркін құрудың жалғасы ретінде заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысандар салынады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Қызықты әрі маңызды […]
Мақтаарал ауданындағы су шайған Өргебас ауылында алғашқы 66 үйдің іргетасы құйылып, 20 үйдің шатыры жабылып бітті. Сондай-ақ, 20 үйдің қабырғасы өріліп, бірінші жаппасын жабу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы Өргебас ауылында 195 үй бар. Оның бүгінгі […]
Пікір қалдыру