Түркістан облысы Түлкібас ауданында жылыту маусымының қарсаңында тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу бастау алды. Осыған орай, Түлкібас ауданы әкімдігінің жанынан құрылған төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасы М.Жанесен бастаған жұмысшы топ жылыту маусымындағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында аудан орталығындағы №1 мөлтек ауданында болды. Жергілікті елмен кездесу барысында 1-ші мөлтек ауданының №13,15,17,22,24,26-шы көп қабатты тұрғын үй секторларында тұратын тұрғындарға жылыту маусымы кезінде улы газбен уланудың алдын алу және тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыс барысында арнайы мамандар тұрғын үйлердегі пәтерлердегі 8 дана жылыту пештері қолдан жасалғанын, мұржалары және 6 газ плитамен 15 автономды жылыту қазандықтарының желдеткіштері өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігін анықтап, ескерту жасады. Жылыту маусымы қарсаңында жүргізілген түсіндіру жұмыстары нәтижесінде 150 пәтер тексерілді. Олардың дайындық жай күйі сараланып, тұрғындарға 350 дана түсіндірме парақшалары таратылды. Бұл жұмыс алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАН: Келесте 1,1 миллиард долларға жылыжай салынады
Түркістан облысы, Келес ауданында жалпы құны 1,1 млрд долларға Келес ауданында 500 гектарды құрайтын аумаққа жылыжай кешені салынады. Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында меморандум түзілген болатын. Түркістан облысының әкімдігі мен «Эко-культура» […]
Түркістан: Депутаттар Мақтааралға 11 миллион теңгенің затын көмекке жеткізді
Судан зардап шеккен Мақтаарал ауданына Түркістан облысының бір топ депутаттары 11 миллион теңгенің гуманитарлық көмегін жеткізді. «Nur Otan» партиясының республикалық «Біз біргеміз» акциясы аясында ұйымдастырылған көмек 11 жүк көлігіне тиелген. Азық-түлік пен көрпе-төсек, киім кешек, […]
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ГАЗДАН УЛАНУ ЖАҒДАЙЛАРЫ АЗАЙҒАН
Түркістан облысында улы газдан улану жағдайы азайған. Мәселен, 2018-2019 жылғы жылыту маусымында 17 оқиға орын алып, улы газдан 23 адам қайтыс болса, 19 адам жарақат алған. Ал 2019-2020 жылыту маусымында 7 оқиға орын алып, […]
Пікір қалдыру