ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАЛ БАЗАРЛАРЫ ЖАБЫҚ ТҰР

 

Түркістан облысында карантин шектеулерінің сақтауынан, мал базарлар әзірге жұмыс істемейді. Инфекцияның мал арқылы адамға жұғу қауіпі жоғары екендігі ескеріле отырып, мұндай базардың жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас ветеринарлық инспекторы мәлімдеді.

«Бірнеше аудандағы мал базарларларының қожайындары базарды ашуға асығуда. Бұл мәселе Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында да көтерілді. Алайда карантин талаптарын бұзуға рұқсат жоқ. Аудандарда мал базарлары рұқсатсыз ашылып жатса, оларға шара қолданылатынын ескертеміз. Себебі ондай жерлер адамдар көп шоғырланатын орынға айналады», – деді Нұржан Үсенбаев.

Оның айтуынша, базарлардың жұмысын уақытша шектеу орынды шешім. Себебі, мал сатумен айналысатын кәсіпкерлер сақтық шараларын сақтауды жиі ұмытып жататын көрінеді. Мәселен, базарлардың сыйымдылығын ескерместен, шамадан тыс мал жинап сауданы қыздырса, енді бірі төрт түлікке салынатын екпе туралы анықтамасы болмай жатады. Ал, бұл бірінші кезекте азаматтардың денсаулығына қауіпті екенін түсіну керек.

Ал, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұржігіт Мырзахметов азаматтарды мұндай шектеулерге түсіністікпен қарап, мал саудасын арнайы сайттардың көмегімен жүргізуге болатынын жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*