«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Түркістан қаласының мәдениет күндері Гала-концертпен жалғасты. Шаһардағы «Керуен Сарай» туристік кешенінде өткен шараға қала әкімі қатысып, сахна төрінде жұртшылыққа жылы лебізін білдірді. Мәдени шараға шаһар тұрғындары мен қонақтары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Гала-концертте елімізге танымал эстрада жұлдыздары Заттыбек Көпбосынұлы мен Кеңес Әлімжанов ән шырқап, қалың көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Концерттік бағдарламада «Яссы» халықтық би ансамблі мың бұрала би билеп, қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары қоңыр үнмен Түркістан аспанын сазға бөледі. Өнер сүйер қауым әншілермен қосыла ән айтып, мерекелік кештің сәнін кіргізді.
Айта кетейік, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы ұйымдастырып отырған аталмыш фестиваль төрт ай бойы әр аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері жалғасын табады. Бекітілген кестеге сәйкес әр аудан-қала облыс орталығында өз өнерін көрсетеді. Фестиваль соңында үздік деп танылған аудан-қалалар бағалы сыйлықтармен және арнайы жүлдемен марапатталады.
Түркістан қаласы бүгінде қайта жаңарып, көптің қызығушылығын тудыруда. Құрылыс бастауға ниетті инвесторлар саны артып келеді. Әр ғимарат сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынуы тиіс. Бұл мәселені облыс әкімі Дархан Сатыбалды бақылауда ұстап отыр. Сәулеттік жобалар талқыланған […]
Түркістанда дәстүрлі Turkistan Marathon – 2025 халықаралық жарысы жоғары деңгейде өтті. Биылғы марафонға еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келген 3 000-нан астам кәсіби және әуесқой спортшы қатысты. Киелі шаһардың тарихи көшелерімен өткен ауқымды спорттық іс-шара қатысушылардың […]
Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында инфрақұрылымдық жобаларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қала ағынының жəне көлік жүйесінің жақсаруы үшін жаңа жолдар мен көпірлер салу жоспарланып, қоғамдық көліктің санын арттыру көзделуде. Сонымен қатар, қалада су мен электр […]
Пікір қалдыру