Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы бойынша Астана-Қонаев-Түркістан бағытында пресс-тур басталған болатын.
Жоба аясында Түркістан өңіріне іссапармен келген экспедиция делегаттарымен бірқатар іс-шаралар өтті.
Жоба мақсаты – Қазақстан этностары өкілдерінің достығы мен татулығын, келісімін дәріптеу, ҚХА 30 жылдығына орайластырылған тақырыптық имидждік бейнероликтер түсіру. Блогерлер мен экспедицияның басқа да қатысушыларын этномәдени мұраның байлығымен, түрлі этностардың салт-дәстүрлерімен таныстыру. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының этникалық тегіне қарамастан Қазақстанның барлық азаматтарының мемлекеттік тілді үйренуіне бағытталған жобаларын ақпараттық сүйемелдейді.
Бірінші бағыт бойынша экспедиция мүшелерінің құрамында БАҚ-тың жетекші өкілдері – белгілі тележүргізушілер Надежда Палинка, Аделия Тухбатова, блогерлер – Алина Кан, Расул Серіков, Әділет Доқтырбек, қазақ тілінің жанашырлары Анастасия Нұғұманова, Анеля Пимичева, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері Рустам Қайрыев, Адам Бойсаев бар.
Пресс-тур аясында экспедиция мүшелері Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйімен» танысты. Сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұжымымен және облыстық этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен кездесті. Кездесуде өңірде этносаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды. Бұдан соң экспедиция мүшелері этнос өкілдері арасында ұйымдастырылған «Кім білгір?» интеллектуалды ойынын көріп, «Татулық – табылмас бақыт» пікірталас алаңында сұхбат құрды.
Пресс-турға қатысушылар бүгін «Достық үйінде» түрік, ұйғыр, шешен-ингуш, татар-башқұрт этностарының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі іс-шарасына қатысты. Сондай-ақ жоба аясында рухани шаһарда ұлттық киім үлгілерінің таныстырылымы мен ұлттық қолөнер және тағамдар бойынша мастер-класс өтеді.
Айта кетсек, пресс-турға қатысушылар Астана-Павлодар-Өскемен бағыты бойынша сапарын жалғастырады.
Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы археологиялық мұражай паркін құрудың жалғасы ретінде заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысандар салынады. Қызықты әрі маңызды жоба жан-жақты талқылануда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты […]
Республика күніне орай Түркістан облысының орталығында 100 түп ағаш отырғызылды. Бұл іс-шара «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылып, облыс әкімі Дархан Сатыбалды, зиялы қауым өкілдері, депутаттар, Түркістан қалалық Өзбек этно-мәдени бірлестігі, мемлекеттік қызметшілер, коммуналдық сала өкілдері […]
Түркістан қаласында Қазбек би көшесі мен Жарылқапов көшелері арасындағы жол күрделі жөндеу жүмыстары жүргізіліп жатыр. 2024 жылға арналған жоспар бойынша, қалада 47,1 шақырымды құрайтын 45 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 41,7 шақырымдық 40 […]
Пікір қалдыру