Түркістан облысында елді мекендерді таза ауыз су, жарық, газ, сапалы жолмен қамту мәселелері басты назарда. Осы орайда, Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы ауданда соңғы 1 жылда атқарылған жұмыстарына оның ішінде, өзекті мәселелердің бірі болып саналатын табиғи газға арнайы тоқталды. Жалпы, аудан аумағында орналасқан 21 елді мекен яғни 29949 халық көгілдір отынмен қамтылса, ағымдағы жылы 21 нысанды оның ішінде (13 елді мекен, 1 мөлтек ауданына) газдандыру жұмыстары жүргізіледі. Оның 15-і өтпелі болса, 6-ы жаңадан басталды.
Бәйдібек ауданындағы Ақбастау ауылдық округіне қарасты Жолғабас елді мекеніне табиғи газ берілді. Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов елді мекен тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, құттықтау тілегін білдірді.
Бүгінгі таңда ауылда 67 үй бар. Тұрғындар енді көмір тасып, күл шығармайтына қуанып, алғыстарын жеткізуде. Қазіргі таңда аудан көлеміндегі 14 елді мекенді газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 10 елді мекенді газбен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген.
50 елді мекеннен тұратын Бәйдібек ауданы 42% табиғи газбен қамтылған. Ал халықтың 98 пайыздан астамы таза тіршілік нәріне қол жеткізіпті.
Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан цех жылына 15 млн литр минералды су өндіреді. Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан «Арыс минералды су» ЖШС-і жылына 18 млн литр минералды су өндіреді. Жобаның жалпы құны 250 млн теңгені […]
Дәрі-дәрмек жетіспеушілігін жою мақсатында Өзбекстан Республикасынан 500 млн. теңгеге індетке қарсы препараттар сатып алынды. Тиісті дәрілер дәріхана сөрелеріне жақын күндері түседі. Дәрілер шекті бағаны сақтай отырып сатылатын болады. Бұл туралы Өмірзақ Шөкеев облыстық өңірлік […]
Түркістандық жастарға жақсы жаңалық! Қалалық жастар ресурстық орталығының жаңа ғимараты ашылды. Қаланың өзінде 72 мыңға жуық жас бар екенін ескерсек, оларға жағдай жасау да маңызды. 14 жылға жуық әр мекемемен жапсарлас отырып келген ұжым, енді […]
Пікір қалдыру