Түркістандық жастарға жақсы жаңалық! Қалалық жастар ресурстық орталығының жаңа ғимараты ашылды. Қаланың өзінде 72 мыңға жуық жас бар екенін ескерсек, оларға жағдай жасау да маңызды. 14 жылға жуық әр мекемемен жапсарлас отырып келген ұжым, енді заманауи үлгіде салынған нысанға қол жеткізіп отыр.
Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркістандық жастарға заманауи орталықтың кілтін табыстап, әр бастамаларына сәттілік тіледі.
– Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ. Соның ішіндегі 14-35 жас аралығындағы жастар саны 663 мыңнан асып, халық санының 30% құрайды. Түркістан қаласының өзінде бүгінде 72 мыңға жуық жас тұрады. Бұл – үлкен демографиялық көрсеткіш және адам капиталы. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толып отыр. Осы аз ғана уақыт ішінде Түркістан қаласында жастарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында түрлі мәдени, спорттық нысандар бой көтерді. Соның бірі, міне, бүгінгі Түркістан қаласының «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратының ашылу рәсімінде жиналып тұрмыз. Бұл ғимарат Түркістан жастарына шабыт беріп, елге қызмет ететін жастарды біріктіретін орталық болады деп сенемін. Жастардың ғимараты құтты болып, бастамашыл орталыққа айнала берсін! – деді облыс басшысы.
Жастар орталығына арналған бұл нысан жергілікті бюджет есебінен бой көтерді. Сәулеті мен салтанаты келіскен ғимарат тәулігіне 100-ден аса жасқа қызмет көрсетеді. Онда жастарға білімін көтеріп, салауатты өмір салтын ұстануға, шығармашылықпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Орталық арнайы демалыс аймағы, стрит-воркаут алаңы, электронды кітапхана бөлмесі, үйірмелерге арналған бөлмелер, шағын спортзал және көпфункционалды залдарымен қамтамасыз етілген. Еріктілерге арнайы үлкен зал мен кинотеатр да қарастырылған. Одан бөлек, орталық жанынан амфитеатрдың құрылыс жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Түркістан қаласында 14-35 жас аралығында 71 486 жас бар. Қаладағы 2 жоғарғы оқу орында 12 265 студент білім алып жатыр. 8 орта арнаулы оқу орындарында студенттер саны – 7441. Түркістан қаласы бойынша жалпы орта мектептерде 7-11 сыныптарда 18 844 оқушы білім алуда.
Түркістан облысында ел тарихында тұңғыш рет бір мезгілде 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару технологиясы енгізілді. Бұл бастама мақта шаруашылығының дамуына тың серпін беруде. Түркістан облысы, Отырар ауданында «Мақта дақылын жаңа технологиямен егудің тиімділігі» тақырыбында […]
Арыстық 10 мың тұрғын газбен қамтылатын болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Арыс қаласындағы 6 шағын аудан халқы бүгін газбен қамтылды. 2020 жылдан бері тоқтап тұрған нысанның мәселесін шешу үшін облыс әкімі […]
Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына жұмыс сапарында осы саладағы бастамаларды тағы бір пысықтады. Нақты айтсақ, ауданда екі өндірістік аймақ құрылады және «Бадам» индустриалды аймағы 50 […]
Пікір қалдыру