Түркістан облысында сапалы жол салу жұмыстары қарқынды. Созақ ауданында КХ-110 «Мардан-Қозмолдақ-Сызған» облыстық автомобиль жолының 13,3 шақырымының құрылыс жұмыстары жүруде. Күре жолдың жөндеу жұмыстары Қозмолдақ елді мекенінің ішінен басталып, қазіргі таңда 3 шақырымнан астам жолға асфальт жабындысы төселген. Бұған қоса, биыл Сызған ауылының 4 шақырымды құрайтын ішкі көшелеріне де асфальт төселген. Жалпы аудан көлемінде 917 шақырымдық автомобиль жолы бар. Оның ішінде облыстық маңыздысы — 435 шақырым, аудандық маңыздысы – 79 шақырым, елдімекендердің ішкі жолдары — 403 шақырым.
Еске сала кетсек, былтыр Созақ ауданында 34 шақырымды құрайтын 23 көше жөндеуден өтті. Ал, «Ауыл — ел бесігі» жобасы шеңберінде 30,5 шақырымды құрайтын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биыл бюджеттен 27 шақырымдық 24 көшенің жөндеу жұмыстарына қаражат қаралған. Сонымен қатар облыстық маңызы бар 5 автомобиль жолын жөндеуге бюджеттен қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүріп жатыр.
КХ-2 «Екпінді-Шолаққорған-Созақ» автомобиль жолының 131-181 (50 шқ) шақырымына (Таукент ауылы мен Ыбырай ауылы аралығына) орташа жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ӨК» ЖШС тарапынан жүргізілді. Техникалық қадағалаушы мекеме – «Оңтүстік жолдары» МКК. Сметалық құжаттамаға сәйкес, жолдың ескі қабатын фрезелеу және жолға екі қабатты асфальтбетон жамылғысы төсеу жұмысы қаралған. Жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталып, биыл асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды.
Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаевын портал оңалту құралдары мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу мерзімдерін қысқартуға және олардың сапасын арттыруға бағытталған. Порталды енгізу нәтижесінде тауарларға үлкен таңдау, оңалту құралдары […]
Мемлекет басшысының электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды алып тастау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 2024 жылғы 1 мамырдан бастап заңды тұлғалар үшін электр энергия тарифі 12,4%-ға төмендетілді. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің […]
Мемлекет басшысы Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйінің» жұмысымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен салынған кешенде «Қоғамдық келісім» мекемесі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, сондай-ақ аймақтағы 11 этномәдени […]
Пікір қалдыру