Түркістан облысында сапалы жол салу жұмыстары қарқынды. Созақ ауданында КХ-110 «Мардан-Қозмолдақ-Сызған» облыстық автомобиль жолының 13,3 шақырымының құрылыс жұмыстары жүруде. Күре жолдың жөндеу жұмыстары Қозмолдақ елді мекенінің ішінен басталып, қазіргі таңда 3 шақырымнан астам жолға асфальт жабындысы төселген. Бұған қоса, биыл Сызған ауылының 4 шақырымды құрайтын ішкі көшелеріне де асфальт төселген. Жалпы аудан көлемінде 917 шақырымдық автомобиль жолы бар. Оның ішінде облыстық маңыздысы — 435 шақырым, аудандық маңыздысы – 79 шақырым, елдімекендердің ішкі жолдары — 403 шақырым.
Еске сала кетсек, былтыр Созақ ауданында 34 шақырымды құрайтын 23 көше жөндеуден өтті. Ал, «Ауыл — ел бесігі» жобасы шеңберінде 30,5 шақырымды құрайтын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биыл бюджеттен 27 шақырымдық 24 көшенің жөндеу жұмыстарына қаражат қаралған. Сонымен қатар облыстық маңызы бар 5 автомобиль жолын жөндеуге бюджеттен қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүріп жатыр.
КХ-2 «Екпінді-Шолаққорған-Созақ» автомобиль жолының 131-181 (50 шқ) шақырымына (Таукент ауылы мен Ыбырай ауылы аралығына) орташа жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ӨК» ЖШС тарапынан жүргізілді. Техникалық қадағалаушы мекеме – «Оңтүстік жолдары» МКК. Сметалық құжаттамаға сәйкес, жолдың ескі қабатын фрезелеу және жолға екі қабатты асфальтбетон жамылғысы төсеу жұмысы қаралған. Жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталып, биыл асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды.
Дәрі-дәрмек жетіспеушілігін жою мақсатында Өзбекстан Республикасынан 500 млн. теңгеге індетке қарсы препараттар сатып алынды. Тиісті дәрілер дәріхана сөрелеріне жақын күндері түседі. Дәрілер шекті бағаны сақтай отырып сатылатын болады. Бұл туралы Өмірзақ Шөкеев облыстық өңірлік […]
Қазақстан полициясы күні қарсаңында Арыс ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық бірлікті нығайту мақсатында шағын футболдан спорттық жарыс ұйымдастырылды. Бұл шара полиция қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін ғана емес, сонымен қатар олардың […]
В рамках государственной программы «Енбек», житель города Арыс Туркестанской области Нурбек Толбасы открыл свою мастерскую. Он выдвинул идею открытия мастерской по изготовлению ювелирных изделий и получил средства в рамках программы на сумму 555 600 […]
Пікір қалдыру