Мақтараалда трактордың тіркемесін шығара бастады

Мақтаарал ауданында трактордың тіркемелерін шығаратын зауыт іске қосылды — деп хабарлайды КҮНГЕЙ.KZ  ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап.


Өндіріс орнының қуаттылығы жылына 70 тіркемеге дейін. Бүгінде мұнда 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Мемлекеттік грантпен ауданда алғаш рет іске қосылып отырған шағын зауыттың ашылу салтанатына Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов пен республика аумағынан келген ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары мен көршілес аудандардың кәсіпкерлері, шаруалар қатысты.

Олар заманауи үлгідегі жаңа тіркемелердің жасалуы мен құрастырылу цехтарын аралап, жұмысымен танысты. Өз идеясының халыққа тиімді екенін дәлелдеп, мемлекеттің қайтарымсыз 225 млн теңге грантын жеңіп алған Нұрлан Нұрбеков аграрлы аймаққа қажетті тіркемелерді шаруаларға тиімді бағада шығаруды көздеп отыр.

Зауыты басшысының айтуынша, алдағы уақытта тағы он адамды жұмысқа қабылдап, тіркемелер санын арттыру жоспарланып отыр. 10 тоннаға дейін мақта шикізатын тиеп, өздігінен төгуге арналған тіркемелерді шығаратын өндіріс орнында ауыл шаруашылығына қажетті қосалқы бөлшетерді жөндеу, қайта жасақтау жұмыстары да жүргізіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*