Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Келес ауданындағы “Умаров Н» шаруа қожалығының қайта өңдеу цехын аралап, жұмысымен танысты.
Кәсіпкер тамшылатып суғаруға арналған иілгіш түтік шығару үшін 2023 жылы Қытай елінен арнайы қондырғы алып, іске қосқан.
Құрылғы сағатына 12000 метр өнім өндіруге қуатты. Кәсіпорында сонымен қатар, жылыжайға қолданылатын пленка және жіп шығарылады. Қолданыстан шыққан полиэтилен заттарын қайта терең өңдеу арқылы көшет егуге қажетті құтылар жасау да жолға қойылған. Цех 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Шаруа қожалығының басшысы Нұржан Омаров сондай-ақ, өз жылыжай кешенінде маусымдық кезеңде 25 азаматты жұмыспен қамтамасыз ететінін жеткізді.
Мақтаарал ауданындағы «Cotton Май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де шетелден жеткізілген автоматтандырылған қондырғылар орнатып, жаңа технологиямен мақта майын өндіруді бастады. Кәсіпорын тәулігіне 2 мың тонна шитті өңдеуге қауқарлы.
Нұрбол Тұрашбеков ауыл шаруашылығын дамытуда жаңашылдық маңызды екенін атап өтті.
– Терең өңдеу технологиясы мен оның пайдасы туралы шаруаларды кеңінен ақпараттандыру қажет. Заман талабына сай өнім ұсыну үшін технологиялық жетістіктерден шет қалмауымыз шарт. Осы бағыттағы жұмысты реттеу арқылы нарықтағы айналымды да бір жүйеге келтіруге болады, – деді ол.
Облыс әкімінің орынбасары жауапты мамандарға кәсіпкерлермен және шаруалармен келісе отырып, бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ! Қала аумағын жарылғыш заттардан тазарту үшін, 44859 әскери бөлімінің техникалық аумағында, тасымалдауға аса қауіпті болып табылатын жарылғыш заттарды жою бойынша жоспарлы залалсыздандыру жұмыстар жалғасуда. Ол үшін әскери бөлімнің техникалық аумағында арнайы орын […]
Түркістан облысы, Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс бірнеше кезеңмен жүзеге асуда. Кеншілер қаласын газдандыру жұмыстарына облыс әкімі ерекше назар аударып келеді. Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен арнайы жұмыс […]
Түркістан облысында карантин режимі жеңілдетілді. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанша ұзартылған карантин тәртібі бүгіннен бастап күшіне енді. Облыста коронавирустық инфекцияның бір күндік өсім 0,8 пайызды құрап, жалпы жағдайдың тұрақталғанын көрсетіп отыр. Дегенмен карантин тараптары әлі […]
Пікір қалдыру