ТҰРАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ СЕНБІЛІКТЕ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев : «Экология – жарлықпен жасалатын, өкіммен орындалатын шаруа емес. Тазалық алдымен халқымыздың әдетіне, сосын қанға сіңген қасиетіне айналуы қажет. Шын мәнінде, өркениетті елдің басты сипатының бірі – тазалық пен тәртіп. Сондықтан «Таза Қазақстан» шарасы жыл он екі ай бойы жалғасуға тиіс»- деген болатын халыққа Жолдауында. Осыған орай Еліміздің түкпір-түкпірінде акция белсенді жалғасуда.

Тұран ауданы тұрғындары жалпықалалық сенбілікте белсенділік танытуда. Әр нысанның қызметкерлері аула айналасын күл қоқыстан тазартуды таңнан бастап кетті. Қала тұрғындары тұрмыстық қалдықтар мен толассыз түскен жапырақтарды жинап, арнайы көлікке тиеді. Тазалық бар жерде — береке болады деген ұранмен жүретін Айнагүл Алтынбекқызы дәмхана қызметкері. Апта сайын сенбілікке белсене қатысып, айналасының тазалығын сақтап отыруды жөн көреді.
— «Тазалық — өзімізден басталыды. Әрқайсысымыз өз ортамызды таза ұстасақ, қаламыздың тазалығына септігімізді тигіземіз. Өзім әр сенбіні күтіп жүремін. Себебі, жан-жағым таза болса жұмысымыз ілгерілеп, миымызда тыныштық болады. Өз балаларыма да осы қағиданы айтып отырамын. Тазалық бар жерде берекенің болатынын болатынын біліп өскен жс — ұрпақтың болашағы да жарқын болмақ. Және де барша халықты тазалыққа шақырамын,» -деді Айнагүл Алтынбекқызы.
Тазалық – ортақ міндет! Бүгінгі жалпықалалық сенбілікте Тұран ауданының тұрғындары бірлесіп, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосуда. Сенбілікке ардагерлер, коммуналдық мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, білім беру мекемелерінің ұжымдары және ауданның белсенді азаматтары атсалысуда.
Бұл игі бастама қаламызды көркейтуге және таза, жайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Әрбір тұрғынның үлесі маңызды!

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*