Шымкенттік әйелдер Ғ.Әбдірахымов есеп беріп тұрған ғимараттың есігін жұла жаздады (видео)

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың халық алдындағы жылдық есебіне келген көп балалы аналар «Түркістан» сарайына кіре алмай қалды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Шымкент қаласы, Солтүстік саяжай шағын ауданының тұрғыны Зибагүл апай, Ғабидолла Әбдірахымов есеп беретін «Түркістан» сарайына таңғы 09:00-де келіпті. Алайда, Абай ауданы әкімдігінің қызметкерлерінің кесірінен қала басшысының халық алдындағы жылдық есебіне кіре алмай қалған  көрінеді.

«Мен осы жерге сағат 9-да келдім. Абай ауданының әкімі, апай не жөнінде келдіңіз деді. Мен арманымды айттым. Апай онда ауылыңызды көрейік деп, мені алдап мінгізіп алып, қаланы айналдырып уақытты болдырып, ғимаратты жауып қойғаннан кейін әкеліп тұр ғой мені»,— деді Зибагүл Қосуақ.

Қала әкімінің есебіне бір Зибагүл апай ғана емес, бір қауым ел кіре алмай «Түркістан» сарайының алдында ішке кіргізуді талап етіп шулап тұрды. Айқай күшейе түскен кезде, олармен кездесуге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай шықты.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*