Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2018 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында қорытынды есеп берді, деп хабарлайды «Күнгей.kz»ақпарат агенттігі.
Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік Университетінің мәжіліс залында өткен жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, облыстық мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері және көкейдегі сауалдарын қоюға келген облыс тұрғындары қатысты. Мұнан бөлек, әкімнің жылдық есебін 5 мың адам селекторлық режимде және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде тыңдады.
Баяндамасында Жансейіт Қансейітұлы «Түркістан облысы халқының әл-ауқатын арттыратын экономикалық жүйеміздің даму бағыты қандай болмақ? Әл-ауқатты арттыру тұрғындарға қызмет жасайтын инфрақұрылымды қалай дамытамыз? Өркениет заманында Түркістан облысында адам капиталын заманауи үлгіде қалай қалыптастырамыз?» деген сұрақтар төңірегінде ой қозғады. Өткен жылы тарихи шешім қабылданып, Түркістан облысы құрылғанына, бұл басқосудың облыстың жаңа орталығы – Түркістан қаласында тұңғыш рет өтіп жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, Сарыағаш және Мақтаарал аудандарының бөлініп, Келес пен Жетісай аудандарының құрылуы ел әлеуетін көтеру үшін маңызды болғанын жеткізді.
Өңір басшысы Түркістан облысы экономикасының негізгі сүйреуші салалары өнеркәсіп, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және туризм екеніне тоқталып, осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.
Баяндамадан кейінгі жарыссөзге шыққан азаматтар Түркістанда мектептерді көбейту, жас мамандарға пәтер беру, Түркістанның жасыл белдеуін молайту жөніндегі ұсыныстарын айта келе, әкім есебін оң бағалады.
Мәжіліс барысында залдан сұрақ қоюшы азаматтарға да кезек берілді. Тұрғындардың дені коммуналды шаруашылық, транспорт, тұрғын үй алу, жұмыспен қамту, жол салу және өзге де мәселелер төңірегінде сұрақтарын қойды. Әрбір сұрақты мұқият тыңдап, жауап берген Ж.Түймебаев тұрғындардың ұсыныстары мен шағымдары назарға алынатынын айтты.
«Елбасымыздың Түркістан өңіріне деген қолдауын жақсы білесіздер. Қазір ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. «Не шықса да Оңтүстіктен шығады» деген тәмсілге ұқсас сөз бар. Өңіріміздің шынайы өмірімен етене таныс адам ол сөзді облыс халқының еңбекқорлығы мен тапқырлығына деген ризашылықпен, сүйіспеншілікпен айтады. Осы жасампаздық қуатты дұрыс арнаға бұра білсек, Түркістан облысын бірге түлететін боламыз», – деді әкім.
Түркістан облысында мақта сапасын арттыру мақсатында биыл жаңа тәсілмен 2,5 мың гектар алқапқа мақта егілді. Шетелдік тәжірибе негізінде қолға алынған жаңа су үнемдеу технологиясы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Шаруалардың айтуынша, алғашқы нәтижесі таңқаларлық жетістік беріп […]
Түркістан облысында биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 24 925 жаңа жұмыс орнын құрып, 12 462 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бүгінге дейін 12 111 жаңа жұмыс орны ашылып, 10 739 азамат уақытша жұмыс […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында топан судан шардап шеккен үш ауылдың тұрғындарына арналып салынып жатқан жаңа мөлтек ауданның құрылысы қарқынды. Мұнда қазіргі таңда 386 үйдің құрылысы жүргізілуде. Соның бүгінде 46-сында ішкі әрлеу, 54-інде шатыр жабу, […]
Пікір қалдыру